О внесении изменения в приказ Государственного секретаря Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 января 2011 года № 08-1-1-1/13 "Об утверждении Инструкции по оформлению загранучреждениями Республики Казахстан документов по вопросам гражданства Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Государственного секретаря Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 января 2011 года № 08-1-1-1/13 "Об утверждении Инструкции по оформлению загранучреждениями Республики Казахстан документов по вопросам гражданства Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08-1-1-1/614
- Қабылданған күні
- 11.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2016 AI77130_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009064
- ЭКБ идентификаторы
- 77130
- Редакция идентификаторы
- AI77130_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:37
0
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6783 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2011 жылғы № 10 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығында:
21-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;".