Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 мая 2011 года № 203 "Об утверждении Правил государственной регистрации диссертаций, защищенных на соискание ученой степени доктора философии (PhD), доктора по профилю"

Бұйрық · № 394 · қабылданған 16.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2011-no-203-phd/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 мая 2011 года № 203 "Об утверждении Правил государственной регистрации диссертаций, защищенных на соискание ученой степени доктора философии (PhD), доктора по профилю" Күшін жойған Бұйрық ·№ 394 ·16.09.2011
01.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 мая 2011 года № 203 "Об утверждении Правил государственной регистрации диссертаций, защищенных на соискание ученой степени доктора философии (PhD), доктора по профилю"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 394 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 мая 2011 года № 203 "Об утверждении Правил государственной регистрации диссертаций, защищенных на соискание ученой степени доктора философии (PhD), доктора по профилю"
Атауы (қаз.)
"Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
394
Қабылданған күні
16.09.2011
Көрсетілген редакция
01.10.2024 60898_722968.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007255
ЭКБ идентификаторы
60898
Редакция идентификаторы
60898_722968
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:37

0 "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы

2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығына (N 7014 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 301-302 (26696) «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 21 шілдедегі № 225 (26646) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік тіркеуді «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы (бұдан әрі - «ҰҒТАО» АҚ) жүзеге асырады.
3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде - «ҰҒТАО» АҚ-ы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дэрежелерін алу үшін қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде «ҰҒТАО» АҚ-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «ҰҒТАО» АҚ-ы жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейін философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді және жеті күнтізбелік күн ішінде диссертациялық кеңеске диссертацияның мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын хабарлама жібереді.
Диссертациялық кеңестің «ҰҒТАО» АҚ-ға ұсынған құжаттары кері қайтаруға жатпайды.
6. Ғылым саласындағы уәкілетті орган «ҰҒТАО» АҚ-ға ай сайын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дэрежелер берілген тұлғалар туралы мәлімет ұсынады.»;
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесіне 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Ғылым комитеті (Б.А.Қасымбеков):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Диссертацияның есептік карточкасы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 394 бұйрығына
қосымша
Қосымша 1
Философия докторы (PhD), бейіні
бойынша доктор ғылыми дәрежелерді
алу үшін қорғалған диссертацияларды
мемлекеттік тіркеу ережесіне
Форма
Диссертацияның есептік карточкасы
5013 ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ
ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ                         Қайда: 050096, Алматы
Бөгенбай батыр көшесі, 221
ҚР ҰҒТА орталығы
06 Философия докторы (PhD) 07 бейіні бойынша доктор
5418 Шығыс №, күні              5436 Инвентарлық №  _____________
|                |
|                |
----------------
6147 Докторанттың, аты, әкесінің аты/туған жылы
7434 Қор­ға­ған кү­ні
6444 Ғы­лы­ми ма­манды­ғы­ның шиф­ры
6480 Бі­лім бой­ын­ша ма­манды­ғы­ның
7425 Дә­ре­же­ге №
5715 Дис­сер­та­ция із­де­ну ті­лі
Ғы­лы­ми кон­суль­тант
Ре­цен­зент­тер
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
6156
6165
Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы
6255
6264
Ғы­лы­ми ма­манды­ғы­ның шиф­ры
6453
6462
Ұй­ым­ның қы­сқа­ша ата­уы
2286
2295
Қа­ла­сы
2700
2664
Елі
2808
2809
Те­ле­фо­ны
2907
2961
5742 Бет­тер са­ны
5472 Па­тент­тер
5481 Жа­ри­я­ла­ным­дар
7344 Ен­гі­зу
5112 Та­ра­ты­лу жағ­дайы
55 ақы­сыз бе­ру
5751 Қо­сым­ша­лар
5787 Қол­да­ны­л­ған де­ректер
35 ен­гі­зі­л­ген
53 ен­гі­зіл­ме­ген
64 шы­ғын­дар­дың ор­нын тол­тыр­тып бе­ру
4417 Жұмысты мемлекеттік тіркеу №                          7020 Бағдарламаның шифры
_________________________________                         ___________________________
|_________________________________|                       |___________________________|
2088 Докторант білім алған және диссертация орындаған ұйым туралы мәліметтер
2484 ҚҰЖЖ ко­ды
2781 Қа­ла­сы
2810 Елі
2988 Те­ле­фо­ны
3087 e-mail
2385 Ұй­ым­ның қы­сқа­ша ата­уы
1350 Ми­ни­стр­лік­тің (ве­дом­ство­ның) қы­сқа­ша ата­уы
2187 Ұй­ым­ның ата­уы
2682 Ұй­ым­ның ме­кен-жайы
2034 Диссертациялық кеңесте қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер
2430 ҚҰЖЖ ко­ды
2736 Қа­ла­сы
2811 Елі
2935 Те­ле­фо­ны
3033 e-mail
2331 Ұй­ым­ның қы­сқа­ша ата­уы
1332 Ми­ни­стр­лік­тің (ве­дом­ство­ның) қы­сқа­ша ата­уы
2304 Ұй­ым­ның ата­уы
2637 Ұй­ым­ның ме­кен-жайы
7407 Дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңес ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
7452 Ке­ңе­стің шиф­ры
7461 Ке­ңе­стің те­ле­фо­ны
9045 Диссертацияның атауы
9117 Реферат
(Зерт­те­удің ны­са­ны және жұ­мыстың мақ­са­ты. Зерт­те­удің әді­сте­рі. Тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық нәти­же­ле­рі. Ен­гі­зі­лу дә­ре­же­сі және ти­ім­ді­лі­гі. Қол­да­ны­лу са­ла­сы).
7326 Іске асырылуға ұсынылатын өнім
02 Тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма
03 Әді­сте­ме­лік құ­жат­та­ма
04 Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­та­ма
05 Тех­но­ло­гия
06 Әді­стер, тә­сіл­дер
07 Мо­дель
08 Ма­те­ри­ал­дар
09 Қо­сы­лы­стар
10 Пре­па­рат­тар
11 А.-ш. да­қыл­да­ры­ның сұ­рып­та­ры
12 А.-ш. жа­ну­ар­ла­ры­ның тұқым­да­ры
13 Кол­лек­ци­я­лар
14 Ба­за­лар, мә­лі­мет­тер бан­кі­ле­рі
15 Кар­та­лар
16 Стан­дарт­тар, нор­ма­тив­тер
45 Тех­ни­ка үл­гі­сі
46 Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүйе
72 Се­ри­я­лық өнім
73 Бас­қа (көр­се­ті­ңіз)
____________________________________________________
5634 ӘОК      |                                                    |
индекстері    |                                                    |
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы
Қо­лы
Мөр ор­ны
Дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңе­стің тө­ра­ға­сы
6174
6273
5616 Тақырыптық айдарлар коды (FTAMP)
5641
Түй­ін­ді сө­здер
7435 Кү­ні
01
02
03
04
05
06
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәреже алу үшін қорғалған диссертацияның Есептік карточкасын толтыру тәртібі
Диссертацияның есептік карточкасы кандидаттық және докторлық диссертация туралы машинаға бейімделген ақпараттық құжат болып табылады.
Диссертацияның есептік карточкасын басатын компьютерлік құрылғы көмегімен бланкі үлгісінің өлшемдерін және жолдардың орналасуын міндетті түрде сақтай отырып, А4 форматты қатты ақ қағаздың екі жағына орындауға болады.
Диссертацияның есептік карточкасын ғылыми дәрежеге докторант толтырады, және диссертацияны қорғау өткізілген жерде диссертациялық кеңестің төрағасы бекітеді.
Диссертацияның есептік карточкасы сандық белгілер қойылған арнайы блоктарға бөлінген. Әрбір блокта деректеменің коды, сондай-ақ деректеменің мәнін жазатын жолы орналасқан деректемелік аймақ көрсетілген. Деректеме мағынасындағы жолдың коды (бұдан әрі - жолдың коды) қара түспен қоршалады, мәтін реквизит жолына басылады. Әріптері анық, қарама-қарсы, шрифтің мөлшері 12-ден кем болмауы тиіс. Рефераттың мәтіні бір жоларалық интервалмен басылады.
Диссертацияның есептік карточкасының барлық жолдары (арнайы көрсетілген жолдарды қоспағанда) толтырылуы қажет.
Диссертацияның есептік карточкасын толтыру кезінде мынадай мәліметтер енгізіледі.
5013 - Диссертацияның есеп карточкасы - деректеме жолында тиісті код қоршалады:
06 - философия докторы (PhD) есеп карточкасын ресімдегенде;
07 - бейіні бойынша докторлық диссертацияның есеп карточкасын рәсімдегенде.
5418 - Шығыс №, күні - диссертациялық кеңесте немесе кеңес жұмыс істейтін ұйымда тіркелген хаттың шығыс нөмірі және оның астына диссертациялық құжаттардың «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-на жіберілген күні көрсетіледі.
5436 - Инвентарлық № - «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ толтырады. Деректеме жолында қорға қабылданған диссертациялық құжаттардың инвентарлық нөмірі көрсетіледі.
6147 - Докторанттың тегі, аты, әкесінің аты және туған жылы - докторанттың тегі, аты және әкесінің аты аталған тәртіппен көрсетіледі. Докторанттың тегін оның аты мен әкесінің атынан тік сызық қою арқылы бөлу қажет. Докторатнттың туған жылы сан бойынша мынадай тәртіппен беріледі: жылы, айы, күні. Мысалы: 82.01.23 (1982 жылғы 23 қаңтар).
7434 - Қорғалған күні - диссертациялық кеңесте диссертацияның қорғалған күні көрсетіледі. Күні санмен мынадай тәртіппен беріледі: жылы, айы, күні. Мысалы: 99.03.13 (1999 жылғы 13 наурыз).
6444 - докторантура мамандығының шифры - диссертация қорғалған сәтте қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес берілген мамандықтың шифрі көрсетіледі.
7425 - докторантура мамандығының атауы - диссертация қорғалған сәтте қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес берілген мамандықтың атауы көрсетіледі.
5715 - Диссертация тілі - ұсынылып отырған диссертация қай тілде орындалғандығы көрсетіледі.
Ғылыми консультантар - деректемелер жолында ғылыми жетекші (ғылыми кеңесші) және ол қызмет атқаратын ұйым туралы мәліметтер көрсетіледі;
6156 - Тегі, аты, әкесінің аты;
6255 - Қосымшаға сәйкес ғылыми дәрежесінің және ғылыми атағының қысқартылған атаулары;
6453 - ғылыми мамандықтың шифры;
2286, 2700, 2808, 2907 - Ұйымның қысқартылған атауы, ол орналасқан қаланың атауы, елі, телефон нөмірі көрсетіледі;
2808 - ұйым Қазақстан Республикасында орналаспаған жағдайда толтырылады.
Резензенттер - рецензенттер және олар жұмыс істейтін ұйымдар туралы мәліметтер көрсетіледі. 6165, 6264, 6462, 2295, 2664, 2809, 2961 деректеме жолдары - 6156, 6255, 6453, 2286, 2700, 2808, 2907 деректеме жолдарындай толтырылады.
5742 - Беттердің жалпы саны - диссертацияның барлық томдарындағы беттердің жалпы саны араб сандарымен көрсетіледі.
5751 - Қосымшалар, 5472 - Патенттер, 5787 - Қолданылған деректер, 5481 - Жарияланымдар - диссертацияға берілген қосымшалардың; диссертацияны орындау барысында алынған патенттердің, диссертацияны дайындау барысында пайдаланылған деректердің, қорғалған диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың (монографиялар, окулықтар, мақалалар, препринттер, шолулар, баяндама тезистері, патенттер, депозиттік қолжазбалар) жалпы саны араб сандарымен беріледі.
7344 - Енгізілуі - көрсетілген кодтардың біреуі қоршалады.
5112 - Таратылу шарты - диссертация орындалған (немесе ізденуші бекітілген) ұйымның басшысы диссертацияны қандай жағдайда болмасын таратуды анықтағанда, көрсетілген жағдайларға сәйкес төмендегі кодтардың біреуі: 55 код - ақысыз беру немесе 64 код - қаржы шығындарының орнын толтыру арқылы берілетінін көрсететін кодтар қоршалады. Егер диссертация берілуге жатпайтын болса, онда 73 код қоршалады.
4417 - Жұмысты мемлекеттік тіркеу № - нәтижелері диссертацяда пайдаланылған «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-нда тіркелген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нөмірлері көрсетіледі.
7020 - Бағдарламаның шифры - деректеме жолы егер диссертация ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде орындалған болса толтырылады. Бұл ретте тапсырмалары мен кезеңдерінің нақтылауынсыз бағдарламаның шифры ғана көрсетіледі.
2088 - Докторант білім алған және диссертация орындалған ұйым туралы мәлімет, 2484, 2781, 2810, 2988, 3087, 2385, 1350, 2187, 2682 - кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (ҚҰЖЖ) бойынша ұйымның коды, қаласы, елі, телефоны, электрондық мекен-жайы, ұйымның қысқартылған атауы (оған берілген аты мен мемлекеттік марапаттардың көрсетілуінсіз), бағыныстылығы бойынша министрліктің (ведомствоның) қысқартылған атауы және мекен-жайы көрсетіледі.
2034 - Диссертациялық кеңесінде қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер - 2430, 2736, 2811, 2935, 3033, 2331, 1332, 2304, 2637 деректемелер жолдары тиісінше 2088 - Докторант Докторант білім алған және диссертация орындалған ұйым туралы мәлімет.
7407 - Диссертациялық кеңес туралы мәліметтер - 7461 кеңестің ғалым хатшысының телефоны көрсетіледі.
9045 - Диссертацияның атауы - диссертацияның толық атауы көрсетіледі.
9117 - Реферат - диссертация нәтижелерінің негізгі мазмұнын қысқаша түрде көрсетеді (Зерттеудің нысаны және жұмыстың мақсаты. Зерттеудің әдістері. Теориялық және практикалық нәтижелері. Енгізілу дәрежесі және тиімділігі. Қолданылу саласы).
7326 - Іске асырылуға ұсынылатын өнім - қорғалған диссертация бойынша қолда бар тауар өніміне сәйкес жіктеуіштердің бір немесе бірнеше кодтары қоршалады. Мысалы, таратуға және өндіріске өнім шығару үшін пайдалануға дайын констукторлық және технологиялық құжаттар жиынтығы; жұмыс барысында қолдануға немесе пайдалануға дайын өнімнің (бұйымдардың, материалдардың, препараттардың) тәжірибелік үлгілері.
5634 - Әмбебап ондық жіктеуішінің индекстері - әмбебап ондық жіктеуіш кестелері бойынша индекстер көрсетіледі.
6174, 6273 - реквизит жолдарында диссертациялық кеңестің төрағасы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы көрсетіледі.
Диссертациялық кеңес төрағасының қолы кеңесінде қорғау өткізілген ұйымның мөрімен бекітіледі.
5616 - Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық топтамасы бойынша тақырыптық айдарлар кодтары.
5641 - Түйінді сөздерді, 7435 - Күні - «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ толтырады.

Қолданыстағы