О внесении изменений в решение акима Жарыкского аульного округа Кобдинского района от 19 июля 2011 года № 7 "О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Жарыкского сельского округа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Жарыкского аульного округа Кобдинского района от 19 июля 2011 года № 7 "О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Жарыкского сельского округа"
- Атауы (қаз.)
- Қобда ауданы Жарық ауыл округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 7 "Жарық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 06.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2017 111904_181390.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CGH05454
- ЭКБ идентификаторы
- 111904
- Редакция идентификаторы
- 111904_181390
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:28
0 Қобда ауданы Жарық ауыл
округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі
№ 7 «Жарық ауылдық округінің елді
мекендерінің көшелеріне атау беру
және атауларын өзгерту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда ауданы Жарық ауыл округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 7 «Жарық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-127 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарық ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы №1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».