О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2011 года № 830 «О премиях в области науки и государственных научных стипендиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2011 года № 830 «О премиях в области науки и государственных научных стипендиях»
- Атауы (қаз.)
- «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 700
- Қабылданған күні
- 01.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2023 159246_651438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000700
- ЭКБ идентификаторы
- 159246
- Редакция идентификаторы
- 159246_651438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:30
0 «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлері:
1) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда отыз бес жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сыйлықтар алу үшін жұмыстарды ұсыну құқығы меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) консультативтік-кеңесші органдарына (ғылыми кеңестер) беріледі.»;
14-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:
«41. Мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы сертификаттарды уәкілетті орган береді.».