О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2011 года № 831 «О создании акционерного общества «Национальный центр государственной научно-технической экспертизы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2011 года № 831 «О создании акционерного общества «Национальный центр государственной научно-технической экспертизы»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 451
- Қабылданған күні
- 07.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2023 182592_636671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000451
- ЭКБ идентификаторы
- 182592
- Редакция идентификаторы
- 182592_636671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:29
0 «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті әдіснамалық- ақпараттық қамтамасыз ету болып айқындалсын.».