О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 октября 2012 года № 17-02/532 «Об утверждении Правил проведения инвентаризации лесных культур, питомников, площадей с проведенными мерами содействия естественному возобновлению леса и оставленных под естественное заращивание в государственном лесном фонде»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 октября 2012 года № 17-02/532 «Об утверждении Правил проведения инвентаризации лесных культур, питомников, площадей с проведенными мерами содействия естественному возобновлению леса и оставленных под естественное заращивание в государственном лесном фонде»
- Атауы (қаз.)
- «Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 18.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2019 137431_433730.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019759
- ЭКБ идентификаторы
- 137431
- Редакция идентификаторы
- 137431_433730
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:17
0
«Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8095 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 19 қаңтардағы, 2013 жылғы
23 қаңтардағы № 34-38 (27977), 43-47 (27986) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу
қағидаларында:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеу кезінде:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларының
22-қосымшасына сәйкес Орманмен қамтылмаған және орман аясындағы табиғи түлеуін бағалау шәкілдері (бұдан әрі – Шәкіл) бойынша бағаланатын
1 гектардағы өскіндер саны;
2) орманның табиғи түрде қайта түлеуіне ықпал ету шаралары жүргізілген учаскелер алқабы анықталады.»;
көрсетілген Қағидаларға 18-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Орман дақылдардың нормалық жерсінуі және сақталуы
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша
Орман ағаштарын, питомниктерді,
табиғи түрде қайта түлеуге ықпал
ету шаралары жүргiзілген және
мемлекеттік орман қорында табиғи
өсірілуге қалдырылған алқаптарды
түгендеуді жүргізу қағидасына
18-қосымша
Орман дақылдардың нормалық жерсінуі және сақталуы
Р/с №
Облыс
Орман дақылдардың жерсінуі және сақталуы, %
1
Ақмола
70
2
Ақтөбе
60
3
Алматы
70
4
Атырау
55
5
Шығыс Қазақстан
70
6
Жамбыл
70
7
Батыс Қазақстан
65
8
Қарағанды
60
9
Қостанай
75
10
Қызылорда
65
11
Маңғыстау
55
12
Павлодар
70
13
Солтүстік Қазақстан
70
14
Түркістан
75
15
Нұр-Сұлтан қаласы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы айналасындағы жасыл аймақ
60
16
Алматы қаласы
75
17
Шымкент қаласы
75