О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 марта 2012 года № 2-13 "О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 марта 2012 года № 2-13 "О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19 наурыздағы № 2-13 "2012 жылғы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-51
- Қабылданған күні
- 27.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 67174_192640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BN000187
- ЭКБ идентификаторы
- 67174
- Редакция идентификаторы
- 67174_192640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:43
0 Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19 наурыздағы № 2-13 " 2012 жылғы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт
мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, Зеренді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың «2012 жылғы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2012 жылғы 19 наурыздағы № 2-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-178 тіркелген, 2012 жылғы 13 сәуірде «Зеренді» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2012 жылғы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі Е.Маржықпаев