О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2012 года № 341 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности, а также из одного источника на период до подведения итогов конкурса и вступления в силу договора о государственных закупках"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2012 года № 341 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности, а также из одного источника на период до подведения итогов конкурса и вступления в силу договора о государственных закупках"
- Атауы (қаз.)
- "Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1671
- Қабылданған күні
- 25.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2016 AI69588_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001671
- ЭКБ идентификаторы
- 69588
- Редакция идентификаторы
- AI69588_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:11
0
"Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012ж., № 37, 498-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары.»;
Мынадай мазмұндағы 18,19,20,21,22,23,24,25,26,27 және 28-тармақтармен толықтырылсын:
«18. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.
19. Жалданатын ғимараттардың, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.
20. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.
21. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.
22. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу жөніндегі қызметтер.
23. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.
24. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметі.
25. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметі.
26. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.
27. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.
1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;
2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;
3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;
4) қазылатын шұқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;
5) нөсер кәрізін пайдалану;
6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;
7) селге қарсы іс-шаралар;
8) кәріздерден ағынды суларды шығару;
9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;
10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.
28. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.».