О внесении изменений в постановление акимата от 19 января 2012 года № 41 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Аулиекольском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 19 января 2012 года № 41 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Аулиекольском районе"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 41 "Әулиекөл ауданында бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 11.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2016 65931_237699.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NG000161
- ЭКБ идентификаторы
- 65931
- Редакция идентификаторы
- 65931_237699
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 Әкімдіктің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 41 "Әулиекөл ауданында бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Әулиекөл ауданында бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-7-153 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 23 ақпанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Әулиекөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы";
1–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі проценті мөлшерінде;
2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі проценті мөлшерінде.";
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
_________________ Р. Нұғманова