О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 19 июля 2012 года № 5-5 «Об определении категории граждан, расходы которых по арендной плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 19 июля 2012 года № 5-5 «Об определении категории граждан, расходы которых по арендной плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет»
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 5-5 «Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 53-4
- Қабылданған күні
- 18.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2020 146536_481482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZC006368
- ЭКБ идентификаторы
- 146536
- Редакция идентификаторы
- 146536_481482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:44
0 Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 5-5 «Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі №5-5 «Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-3-133 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамыздағы «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын айқындау туралы»;
1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін келесі азаматтар санаты айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
мемлекеттік қызметшілер;
бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.».