Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 19 сентября 2012 года № 7-2/1 от "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Ереже · № 21-9 · қабылданған 25.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2012-no-7-21-ekb-76982/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 19 сентября 2012 года № 7-2/1 от "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 21-9 ·25.12.2013
20.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 19 сентября 2012 года № 7-2/1 от "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 21-9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 19 сентября 2012 года № 7-2/1 от "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 7-2/1 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21-9
Қабылданған күні
25.12.2013
Көрсетілген редакция
20.01.2015 76982_136041.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VK003173
ЭКБ идентификаторы
76982
Редакция идентификаторы
76982_136041
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:22

0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 7-2/1 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1316 қаулысына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қыркүйектегі Зайсан аудандық мәслихаттының № 7-2/1 шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 10 қазанда 2702 нөмірмен тіркелген, 2012 жылдың 20 қазанында аудандық «Достық» газеттінің №83 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасында:
3- тармақтың 4) тармақшасы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
14 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталынсын.

2 2. Осы шешімнің 1 тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетінін

қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы