О внесении изменения в решение Алтынсаринского районного маслихата от 19 сентября 2013 года № 132 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Алтынсаринского районного маслихата от 19 сентября 2013 года № 132 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2020 86314_503542.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NE005338
- ЭКБ идентификаторы
- 86314
- Редакция идентификаторы
- 86314_503542
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:22
0 Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4248 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда «Таза бұлақ – Чистый родник» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 теңге мөлшерінде»;
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ О. Банкова
2014 жылғы «24» желтоқсан
«Алтынсарин аудандық әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Е.Павлюк
2014 жылғы «24» желтоқсан