О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2013 года № 263 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2013 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных ветеринарных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2013 года № 263 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2013 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных ветеринарных организаций"
- Атауы (қаз.)
- "Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 990
- Қабылданған күні
- 21.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2013 AI74434_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000990
- ЭКБ идентификаторы
- 74434
- Редакция идентификаторы
- AI74434_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:16
0
"Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11.
Дьюар ыдысы
Көлемі 35 литр.
Дьюар ыдысы
Көлемі 6 литр.
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15.
Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ)
Автомашина, сыйымдылығы
500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) мынадай негізгі бөліктерден тұруы тиіс: цистерна, дезинфекциялық сұйықтықтарға арналған бактар, керек-жараққа арналған жәшіктер, жұмыс ерітіндісін қыздыру жүйесі, қысым құбыры, қабылдау-тарату құбыры, компрессорлық қондырғы.
».