Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 августа 2013 года № 275 «Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса»

Бұйрық · № 1440 · қабылданған 24.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2013-no-275-ekb-125467/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
«О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 августа 2013 года № 275 «Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса» Қолданыста Бұйрық ·№ 1440 ·24.09.2018
24.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 августа 2013 года № 275 «Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1440 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 августа 2013 года № 275 «Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса»
Атауы (қаз.)
«Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1440
Қабылданған күні
24.09.2018
Көрсетілген редакция
24.09.2018 125467_365221.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017619
ЭКБ идентификаторы
125467
Редакция идентификаторы
125467_365221
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:07

0 «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8628 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы № 240 (28179) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасына:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің осы қағидасы «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар жеке практикамен айналысатын нотариустерде немесе мемлекеттік нотариустерде тағылымдамадан өтеді.
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Нотариуста тағылымдамадан өтушілер тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу тәртібі»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тағылымдамадан өту мерзімі кемінде бір жылды құрайды».
7-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
_________ Ә.Б. Жанәбілова
2018 жылғы қыркүйек

Қолданыстағы