О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 августа 2013 года № 275 «Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 августа 2013 года № 275 «Об утверждении Правил оплаты за прохождение стажировки стажерами нотариуса»
- Атауы (қаз.)
- «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 785
- Қабылданған күні
- 26.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2024 201084_721730.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035135
- ЭКБ идентификаторы
- 201084
- Редакция идентификаторы
- 201084_721730
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:29
0 «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8628 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің
14-тармағының 170) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің (бұдан әрі – Қағидалар) қағидасы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.».