О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 19 марта 2013 года № 361/2 "Об утверждении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по направлению - жилье по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и очередности предоставления им жилья"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 19 марта 2013 года № 361/2 "Об утверждении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по направлению - жилье по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и очередности предоставления им жилья"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы "Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін бекіту туралы" № 361/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1042/4
- Қабылданған күні
- 12.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2013 74375_188106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PA003600
- ЭКБ идентификаторы
- 74375
- Редакция идентификаторы
- 74375_188106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:31
0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы "Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін бекіту туралы" № 361/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын бекіту туралы" № 821 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы "Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін бекіту туралы" № 361/2 қаулысына (2013 жылғы 18 сәуірдегі № 3504 Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізлімінде тіркелген, 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 15 "Версия", 2013 жылғы 3 мамырдағы № 16, 2013 жылғы 17 мамырдағы № 13, 2013 жылғы 24 мамырдағы № 18, 2013 жылғы 31 мамырдағы № 19 "Шаһар" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде "31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына" сөздері "31-бабы 2-тармағына" сөздерімен ауыстырылсын;
қосымшаның 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Өтініш беруші – "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" Бағдарламасының бағыты бойынша тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман мәртебесі бар тұлға";
10) тармақша алынып тасталсын;
4-тармақта 2 абзац жолында "өтінішті қабылдау мерзімін" сөздерінен кейін "күнтізбелік 30 күндік мерзімінен аспайтын уақытқа" сөздерімен толықтырылсын.
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы не балаларды (баланы) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір (тұл ер) ата-ананың біреуі тәрбиелеп отырған толық емес отбасы болуы;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасының азаматтығы не оралман мәртебесінің болуы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттарды қабылдауды бастау белгіленген күннен бастап өтініш берушілер уәкілетті органға осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды береді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы, сонымен бірге соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауын тексеру және өтініш берушілердің келесі параметрлер бойынша баллдарды есептеу бойынша жұмыс жүргізіледі:
1) тіркелген некенің әрбір жылы үшін – 5 балл;
2) тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл;
3) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;
4) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл;
5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.
Есептелген баллдар туралы өтініш берушілерге осы Тәртіптің 4-қосымшасына сәйкес хабарлама беріледі.
Жалға берілетін тұрғын үйді тарату үшін өтініш берушілердің іріктеуде алынған баллдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады.";
8-тармақта "сонымен бірге Банкке жіберіледі" сөздері алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Банктан төлем қабілеттілігін растау туралы хабарламаны берген өтініш берушілер, жолдама берілген күннен екі ай аспайтын мерзімінде Жалдаушылардың тізіміне қосылады.";
N 1-қосымшада 7 бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері
Жалға берушінің деректемелері Жалға алушының деректемелері
____________________________ ____________________________
____________________________ ____________________________
____________________________ ____________________________
____________________________ ____________________________
N 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша
"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына қатысуға
өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі
1 1. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің/Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттарын нотариалды куәландырылған көшірмелері, оралманның нотариалды куәландырылған куәлігінің көшірмелері;
2 2. Кәмелетке толмаған балаларының тууы туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3 3. Некеге тұру (некені бұзу, ерінің/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәліктің) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4 4. Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе өтініш беретін елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама;
5
5. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің өтініш беретін мекенде меншік құқығында тұрғын үй жоқ екендігін, сонымен бірге жұбайлардың және олардың отбасы мүшелерінің өтініш беретін елді мекенде соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату деректерінің болмауын растайтын құжат;
6 6. Өтініш берердің алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:
а а) ең төменгі – төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері;
б б) ең жоғарғы – төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен артық еместігін растайтын құжат;
7 7. Мүгедектігі туралы анықтама әлде созылмалы аурумен ауыратынын растайтын анықтама (қажет болған жағдайда);
8 ХАБАРЛАМА
8. Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың мәліметін куәландыратын құжаттар (қажет болған жағдайда);"
N 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын:
"N ______ ________(күні) Адресат:______________
ХАБАРЛАМА
"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламаны (бұдан әрі – Бағдарлама) орындау үшін Сізбен жиналған баллдардың саны туралы хабарлаймыз.
Өтінішті беру күні: ________
Тіркеу журнал бойынша кіріс нөмірі: _______
Санаты: жас отбасы
Отбасының құрамы:_____
Баллдардың саны
Некеге тіркелген мерзімі
Балалардың саны
Мүгедек болып табылатын немесе отбасында созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін
Бағдарламаға қатысып, бірақ алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған
Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы
Жалпы балл
Жалға берілетін тұрғын үйді тарату үшін өтініш берушілердің іріктеуде алынған баллдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады, Сізбен жиналған баллдардың саны - ___ баллды құрады.
Баллдардың есебін жасады: (қолы) Т.А.Ж.
Уәкілетті органның басшысы
немесе хабарламаға қол қою құқығына
уәкілеттік берілген қызметкерлер ___________
(қолы)
Таныстым, шағымдарым жоқ
бір данасын алдым (күні, қолы) Т.А.Ж.";
N 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын:
"N ______ ________(күні)
Адресат:______________
("Қазақстанның тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі" АҚ
филиалының атауын көрсету)
"Жас отбасылар үшін тұрғын үй" бағыты бойынша "Қолжетімді
тұрғын үй - 2020" бағдарламасы шеңберінде өткізілетін өтініш
берушілердің төлем қабілеттігін бағалау үшін ЖОЛДАМА
Осымен уәкілетті орган _______________________________________
азамат(-ша)___________________________________________________
ЖИН ______________
жеке куәлігінің N ____ жылғы _______________________ берілген,
"Жас отбасылар үшін тұрғын үй" бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасының қатысушысы болып табылатындығын растайды және келесі сипаттамаларымен кейінгі тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру үшін төлем қабілеттігінің бағалауын өткізуді өтінеді:
Құрылыс объектісінің мекенжайы:
Пәтерде бөлмелердің саны:
1 ш.м. құны ______теңге;
Пәтердің жалпы ауданы ______ш.м.
Пәтердің жалпы құны _____теңге
Отбасы құрамы ________адам
Уәкілетті органның басшысы
немесе хабарламаға қол қою құқығына
уәкілеттік берілген қызметкерлер ___________
(қолы)
Орын.________
тел.: ________".