О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 1209 «Об утверждении Правил обеспечения жилищем, выплаты компенсации за наем (аренду) жилища, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение компенсации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 1209 «Об утверждении Правил обеспечения жилищем, выплаты компенсации за наем (аренду) жилища, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение компенсации»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 888
- Қабылданған күні
- 28.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2021 136478_534717.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000888
- ЭКБ идентификаторы
- 136478
- Редакция идентификаторы
- 136478_534717
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:37
0 «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын,
сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын,
сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі» деген кіші бөлімде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«патрульдік полиция полицейі.»;
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөліністері» деген кіші бөлімде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;»;
«Арнайы жедел ден қою жасақтары» деген кіші бөлімде:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;»;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;»;
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) патрульдік полициясы».