О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1351 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию и приобретению гражданского и служебного оружия и патронов к нему» и от 19 декабря 2014 года № 1352 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, торговле, использованию и приобретению гражданских пиротехнических веществ и изделий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1351 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию и приобретению гражданского и служебного оружия и патронов к нему» и от 19 декабря 2014 года № 1352 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, торговле, использованию и приобретению гражданских пиротехнических веществ и изделий
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 және «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 қаулыларына өзгерісте
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 513
- Қабылданған күні
- 31.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 106025_114591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000513
- ЭКБ идентификаторы
- 106025
- Редакция идентификаторы
- 106025_114591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:54
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 және «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы
19 желтоқсандағы № 1352 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 704-құжат) қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары;
2) Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Көліктегі ішкі істер департаменттері азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін.»;
2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі
қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 705-құжат) қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.