Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1357 «Об утверждении Правил создания и использования объектов гражданской обороны»

Қаулы · № 319 · қабылданған 24.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-1357-ekb-131740/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1357 «Об утверждении Правил создания и использования объектов гражданской обороны» Қолданыста Қаулы ·№ 319 ·24.05.2019
24.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1357 «Об утверждении Правил создания и использования объектов гражданской обороны»

Қолданыста Қаулы ·№ 319 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1357 «Об утверждении Правил создания и использования объектов гражданской обороны»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
319
Қабылданған күні
24.05.2019
Көрсетілген редакция
24.05.2019 131740_406656.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000319
ЭКБ идентификаторы
131740
Редакция идентификаторы
131740_406656
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:47

0 «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Орталық атқарушы органдарды салалық белгісі бойынша бір қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) басқару пунктінде бірге орналастыруға рұқсат етіледі.
3-2. Жылжымалы басқару пункттері азаматтық қорғаудың республикалық қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты орталық атқарушы органдарда, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарында құрылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын бейбіт уақытта пайдалану кезінде паналаушылардың болуына және 12 сағат ішінде паналаушыларды қабылдау үшін әзірлікке келтіруге, ал атом станциялары мен күшті әсер ететін улы заттарды пайдаланатын ұйымдарда паналаушыларды шұғыл қабылдауға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін талаптар орындалады.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының үй-жайлары «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары» ҚР ҚН 2.03-03-2014 және ҚР ҚҚ 2.04-101-2014 талаптарына сәйкес пайдаланылады.
22. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын қойма үй-жайлары, автомобиль тұрақтары, шеберханалар ретінде пайдаланған кезде үй-жайларды құрылыстың есептік сыйымдылығынан (сақтауда тұрған мүліктен босатпастан) паналаушылардың 50 %-ын қабылдауды қамтамасыз ететіндей жүктеуге жол беріледі. Паналайтын жер режиміне ауыстыру кезінде үй-жайларды мүліктен босату 12 сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Мүлікті орналастыру және қоймаға сақтау техникалық үй-жайлар мен инженерлік-техникалық жабдықтарға үнемі еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы