О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера»
- Атауы (қаз.)
- «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 20.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2024 196312_697772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000312
- ЭКБ идентификаторы
- 196312
- Редакция идентификаторы
- 196312_697772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:54
0 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларынан зардап шеккен адамға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен және (немесе) ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті мынадай мүлік өтеледі:
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс;
2) ауылшаруашылық жануарлары;
3) тағамды сақтауға және дайындауға арналған заттар – тоңазытқыш, газ плитасы (электр плитасы) және ыдыс-аяқ шкафы;
4) тамақтануға арналған жиһаз заттары – үстел мен орындық;
5) ұйықтауға арналған жиһаз заттары – кереует (диван);
6) азаматтарға хабар беру құралдарының заттары – теледидар (радио);
7) киім күтіміне арналған заттар (кір жуғыш машина);
8) сумен жабдықтау және жылу беру құралдарының заттары (орталықтандырылған сумен жабдықтау және жылу беру болмаған жағдайда) – су беруге арналған сорғы, су жылытқыш және жылыту қазандығы (тасымалды пеш).
Осы тармақтың 3) – 8) тармақшаларына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу келтірілген нұқсанының мөлшерін бағалауға сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1 Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген зиянды (нұқсанды) өтеу үшін жергілікті атқарушы орган Зардап шеккендерге келтірілген материалдық нұқсанды бағалау және өтеу жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.».