О внесении дополнений в постановление акимата области от 19 мая 2014 года № 153 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата области от 19 мая 2014 года № 153 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 153 "Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 25.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2015 82624_129201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0003997
- ЭКБ идентификаторы
- 82624
- Редакция идентификаторы
- 82624_129201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:01
0 Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 153 "Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 153 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3955 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2014 жылғы 1 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
7-тармақта «қосымшасына» деген сөздің алдына «1-» деген санмен толықтырылсын;
регламенттің қосымшасындағы «қосымша» деген сөздің алдына «1-» деген санмен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын «8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мына мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын «10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
7-тармақта «қосымшасына» деген сөздің алдына «1-» деген санмен толықтырылсын;
регламенттің қосымшасындағы «қосымша» деген сөздің алдына «1-» деген санмен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын «8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының 3- қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мына мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын «10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мына мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын «10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мына мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын «10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014
жылғы 25 шілдедегі
№ 265 қаулысына 1- қосымша
«Тракторлардың және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы
бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың
тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналардың кепілін тіркеу және
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2- қосымша
«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014
жылғы 25 шілдедегі
№ 265 қаулысына 2- қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған
өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
6 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014
жылғы 25 шілдедегі
№ 265 қаулысына 3- қосымша
Тракторларды және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздiгiнен
жүретiн ауылшаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014
жылғы 25 шілдедегі
№ 265 қаулысына 4- қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған
өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
нөмірлік белгілерін бере отырып тіркеу, қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3 - қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретінауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік белгілерін бере отырып тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
8 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014
жылғы 25 шілдедегі
№ 265 қаулысына 5- қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған
өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
3- қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
9 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014
жылғы 25 шілдедегі
№ 265 қаулысына 6- қосымша
«Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi
қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3- қосымша
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретінауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы