О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 161 «Об утверждении положений территориальных органов Комитета связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 161 «Об утверждении положений территориальных органов Комитета связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1090
- Қабылданған күні
- 24.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2018 96468_333081.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012462
- ЭКБ идентификаторы
- 96468
- Редакция идентификаторы
- 96468_333081
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:30
0 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9924 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 253 (28476) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асқаров көшесі, 20-ж.».
2 2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т. Б. Қазанғап):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.