О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 18-04/675 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 18-04/675 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром»
- Атауы (қаз.)
- «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 29.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2021 153904_515849.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022415
- ЭКБ идентификаторы
- 153904
- Редакция идентификаторы
- 153904_515849
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:00
0 «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.».
көрсетілген Қағидаларының 5-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларының 8-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 5-қосымшаның 4-тармағы кестенің 4.5-жолын қоспағанда).
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
1 Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезіндегі төлемақы ставкалары
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 76 Бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 18-04/675 бұйрығы
Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
5-қосымша
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезіндегі төлемақы ставкалары
№ р/с
Жабайы жануарлардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (айлық есептік көрсеткіш)
Кәсіпшілік аң аулау
Әуесқойлық және спорттық аң аулау
1
2
3
4
1.
Сүтқоректілер:
1.1)
бұлан (еркегі)
-
16
1.2)
бұлан (ұрғашысы)
-
11
1.3)
бұлан (бір жасар төлі)
-
6
1.4)
марал (еркегі)
-
13
1.5)
марал (ұрғашысы)
-
7
1.6)
марал (бір жасар төлі)
-
4
1.7)
аскания бұғысы (еркегі)
-
9
1.8)
аскания бұғысы (ұрғашысы)
-
5
1.9)
аскания бұғысы (бір жасар төлі)
-
3,5
1.10)
елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)
-
4
1.11)
елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)
-
3
1.12)
елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)
-
3
1.13)
елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)
-
2
1.14)
сiбiр тау ешкiсi (еркегі)
-
4
1.15)
сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі)
-
3,5
1.16)
құдыр
-
2
1.17)
қабан (еркегі)
-
4
1.18)
қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі)
-
3
1.19)
киiк (еркегі)
4
5
1.20)
киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі)
3
4
1.21)
қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа)
-
14
1.22)
өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа)
1
2
1.23)
бұлғын
2
4
1.24)
суырлар (Мензбир суырынан басқа)
0,060
0,12
1.25)
ондатр
0,045
0,9
1.26)
борсық, түлкi
0,10
0,20
1.27)
қарсақ
0,045
0,10
1.28)
америкалық су күзенi
0,12
0,25
1.29)
сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа)
-
0,45
1.30)
қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян)
0,010
0,045
1.31)
жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн
0,020
0,35
1.32)
саршұнақ (құм саршұнағы)
0,015
0,025
1.33)
қасқыр
0
0
1.34)
шибөрі
0
0
2.
Құстар
2.1)
маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)
0,015
0,030
2.2)
саңырау құр
-
0,15
2.3)
құр
-
0,055
2.4)
Гималай ұлары
-
0,20
2.5)
қырғауыл
0,020
0,060
2.6)
қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз
0,020
0,045
2.7)
үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)
0,010
0,020
2.8)
қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)
0,005
0,010
2.9)
бөдене
0,005
0,010
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.
Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ Р/с
Су жануарларының түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
бір дара нұсқасы үшін
бір килограмы үшін
1
2
3
4
1.
Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:
1.1
бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)
0,064
1.2
майшабақтар (қарынсау, бражников шабағы, қаражон), тікендi балық, камбала, шабақ
0
1.3
албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)
0,017
1.4
ақсақа балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян
0,012
1.5
қаракөз
0,004
1.6
итбалық
1,93
1.7
ірi балықтар:
1.7.1
ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке
0,013
1.8
ұсақ балықтар:
1.8.1
табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, шармай
0,004
2.
Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:
2.1
алып қоя отырып:
2.1.1
ірі балықтар
0,017
2.1.2
қортпа
6,5
2.1.3
бекіре тұқымдас балықтар
5,5
2.1.4
ақсақа, албырт балықтар
0,042
2.1.5
ұсақ балықтар
0,008
2.1.6
шаян
0,008
2.2
«ұстап алу-қоя беру» қағидаты негізiнде:
2.2.1
ірі балықтар
0,1
2.2.2
бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)
4,97
2.2.3
ақсақа және албырт балықтар
0,27
2.2.4
ұсақ балықтар
0,068
Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ Р/с
Жануарлардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
бір дара нұсқасы үшін
бір килограмы үшін
1
2
3
4
1.
Сүтқоректілер:
1.1
шұбар мысық немесе дала мысығы
0,030
-
1.2
қарақас
0,015
-
2.
Құстар:
2.1
кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан
0,010
-
2.2
үлкен аққұтан
0,015
-
2.3
маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық
0,005
-
2.4
қаршыға
0,010
-
2.5
қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары
0,045
-
3.
Бауырымен жорғалаушылар:
3.1
Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы
0,020
-
3.2
ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз
0,010
-
3.3
бозша жылан
0,045
-
3.4
өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы
0,035
-
3.5
көлбақа
0,005
-
4.
Омыртқасыз су жануарлары:
4.1
артемия (цисталар)
-
0,045
4.2
гаммарус, шашақ мұрт шаяндар
-
0,010
4.3
сүлiктер
-
0,030
4.4
басқа да су омыртқасыздары мен цисталар
-
0,005
4.5
артемия
-
0,0043
2 Бұйрығына 2-қосымша
Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
8-қосымша
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал)
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
3 (үш) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
электрондық (толық автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1) аң аулау;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес алынады.
Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
Төлем:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аудару, жерсіндіру, жасанды жолмен өсіру және будандастыру мақсатында табиғи ортадан алу кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың жасанды жолмен өсірілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын меншігі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;
3) балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асыруы кезінде;
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын аурулардан сақтау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауылшаруашылық қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде алынбайды.
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсаттар беру кезінде;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде.
Пайдалану түріне байланысты қосымша:
1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде):
жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:
бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға;
індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі; жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден ЭҮПШ шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
1) ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.