Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 18-04/675 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром»

Бұйрық · № 701 · қабылданған 15.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-18-04675-ekb-173786/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 18-04/675 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром» Қолданыста Бұйрық ·№ 701 ·15.11.2022
15.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 18-04/675 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром»

Қолданыста Бұйрық ·№ 701 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 18-04/675 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование животным миром»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
701
Қабылданған күні
15.11.2022
Көрсетілген редакция
15.11.2022 173786_600966.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030559
ЭКБ идентификаторы
173786
Редакция идентификаторы
173786_600966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:02

0 «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;
2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство).»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.».
Осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 ______________________________________________________________ (ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 701 Бұйрыққа
1-қосымша
Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
______________________________________________________________
(ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі: __________ Берілген күні: __________
Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)
Берілді:_____________________________________________________________
Пайдалану түрі:______________________________________________________
Aлу мақсаты: ________________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ___________________________
____________________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:

Объ­ек­ті­ле­рі­нің ата­уы
Са­ны (ки­ло­грамм, тон­на, да­рақ­тар)
1
бекi­ре ба­лық­та­ры (қорт­па, бе­кі­ре, шо­қыр, сүй­рік, тіл­май)
2
май­ша­бақ­тар, ті­кен­дi ба­лық, түй­е­та­бан, ша­бақ
3
ал­бырт ба­лық­тар
4
ақ­са­қа ба­лық­тар
5
ірi ба­лық­тар
6
ұсақ ба­лық­тар
7
су жа­ну­ар­ла­ры
Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________
Aлу құралдары:
Aлу құ­рал­да­ры­ның ата­уы
Са­ны да­на
Жүзу құралдары:
Ке­ме ата­уы
Са­ны да­на
Уәкілетті тұлға:_____________________________________________

2 Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Бұйрыққа 2 -қосымша
Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
5-қосымша
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезінде төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Жа­байы жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі
Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­сі, бір да­ра нұс­қа­сы үшін (ай­лық есеп­тік көр­сет­кі)
Кә­сіп­ші­лік аң аулау
Әу­ес­қой­лық және спорт­тық аң аулау
1
2
3
4
1.
Сүт­қо­рек­ті­лер:
1.1)
бұ­лан (ер­ке­гі)
-
16
1.2)
бұ­лан (ұр­ға­шы­сы)
-
11
1.3)
бұ­лан (бір жа­сар тө­лі)
-
6
1.4)
ма­рал (ер­ке­гі)
-
13
1.5)
ма­рал (ұр­ға­шы­сы)
-
7
1.6)
ма­рал (бір жа­сар тө­лі)
-
4
1.7)
ас­ка­ния бұ­ғы­сы (ер­ке­гі)
-
9
1.8)
ас­ка­ния бұ­ғы­сы (ұр­ға­шы­сы)
-
5
1.9)
ас­ка­ния бұ­ғы­сы (бір жа­сар тө­лі)
-
3,5
1.10)
елiк (та­ра­лу ай­ма­ғы­ның сол­тү­стiк бөлi­гi, ер­ке­гі)
-
4
1.11)
елiк (та­ра­лу ай­ма­ғы­ның сол­тү­стiк бөлi­гi, ұр­ға­шы­сы, бір жа­сар тө­лі)
-
3
1.12)
елiк (та­ра­лу ай­ма­ғы­ның оң­тү­стiк бөлi­гi, ер­ке­гі)
-
3
1.13)
елiк (та­ра­лу ай­ма­ғы­ның оң­тү­стiк бөлi­гi, ұр­ға­шы­сы, бір жа­сар тө­лі)
-
2
1.14)
сiбiр тау еш­кiсi (ер­ке­гі)
-
4
1.15)
сiбiр тау еш­кiсi (ұр­ға­шы­сы, бір жа­сар тө­лі)
-
3,5
1.16)
құ­дыр
-
2
1.17)
қа­бан (ер­ке­гі)
-
4
1.18)
қа­бан (ұр­ға­шы­сы, бір жа­сар тө­лі)
-
3
1.19)
киiк (ер­ке­гі)
4
5
1.20)
киiк (ұр­ға­шы­сы, бір жа­сар тө­лі)
3
4
1.21)
қо­ңыр аю (Тянь-Шань аюы­нан бас­қа)
-
14
1.22)
өзен құн­ды­зы, кәм­шат (ор­та­а­зи­я­лық­тан бас­қа)
1
2
1.23)
бұл­ғын
2
4
1.24)
суыр­лар (Мен­збир суы­ры­нан бас­қа)
0,060
0,12
1.25)
он­датр
0,045
0,9
1.26)
бор­сық, түл­кi
0,10
0,20
1.27)
қар­сақ
0,045
0,10
1.28)
аме­ри­ка­лық су кү­зенi
0,12
0,25
1.29)
сiле­усiн (Түр­кiстан сі­ле­усі­ні­нен бас­қа)
-
0,45
1.30)
қо­ян­дар (құм­қо­ян, ор­қо­ян, ақ қо­ян)
0,010
0,045
1.31)
жа­нат тек­тес ит, шай­қа­ғыш жа­нат, құ­ну, сар­ғыш кү­зен, ақ қа­лақ, ақ­кiс, са­ры кү­зен, са­сық кү­зен, кә­дім­гі тиiн
0,020
0,35
1.32)
сар­шұ­нақ (құм сар­шұ­на­ғы)
0,015
0,025
1.33)
қас­қыр
0
0
1.34)
ши­бө­рі
0
0
2.
Құ­стар
2.1)
май­мақ қаз (қы­зыл жем­са­у­лы, қа­ра жем­са­у­лы)
0,015
0,030
2.2)
са­ңы­рау құр
-
0,15
2.3)
құр
-
0,055
2.4)
Ги­ма­лай ұла­ры
-
0,20
2.5)
қыр­ғауыл
0,020
0,060
2.6)
қаз­дар* (сұр қаз, ақ­маң­дай­лы қаз, қыр­ман­қаз), қа­ра­ша­қаз
0,020
0,045
2.7)
үй­рек­тер* (са­ры­а­ла­қаз, ита­ла­қаз, ба­рыл­да­уық, қы­рыл­дақ шү­ре­гей, ысыл­дақ шү­ре­гей, боз үй­рек, са­ры ай­дар үй­рек, қыл­құй­рық, да­у­рық­па шү­ре­гей, жал­пақ тұм­сық, қы­зы­л­тұм­сық сүң­гуiр, біз­құй­рық сүң­гуiр, ай­дар­лы сүң­гуiр, те­ңіз сүң­гуiрі, ұш­қыр үй­рек, су­сыл­дақ, ма­мық­қаз, қа­ра тұр­пан, кi­шi бей­на­рық, сек­пiл­төс бей­на­рық, үл­кен бей­на­рық)
0,010
0,020
2.8)
қас­қал­дақ, қыз­ғыш, шiл­дер (ақ­құр, тунд­ра ші­лі, да­ла ші­лі, сұр шiл, са­қал­ды шіл), кекiлiк, сұр құр, кеп­тер­лер (дыр­кеп­тер, түз­кеп­тер, көк кеп­тер, құз кеп­тер), түр­кеп­тер (кәдiм­гi, үл­кен түр­кеп­тер), шал­шық­шы­лар (күр­жі­кей, ша­у­шал­шық, та­у­құ­дiрет, ор­ман маң­қы­сы, ази­я­лық та­у­құ­дiрет, тау маң­қы­сы, маң­қы, жыл­қы­шы, үл­кен шал­шық­шы, қас­қа шал­шық­шы, үл­кен шыр­ға­лақ, кi­шi шыр­ға­лақ)
0,005
0,010
2.9)
бө­дене
0,005
0,010
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.
Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с №
Су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі
Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі (АЕК)
бір да­ра нұс­қа­сы үшін
бір ки­лог-ра­мы үшін
1
2
3
4
1.
Кә­сіп­ші­лік және ғы­лы­ми мақ­сат­тар­да:
1.1
бекi­ре тұқым­дас ба­лық­тар (қорт­па, бе­кі­ре, шо­қыр, сүй­рік, піл­май)
0,064
1.2
май­ша­бақ­тар (қа­рын­сау, браж­ни­ков ша­ба­ғы, қа­ра­жон), ті­кен­дi ба­лық, кам­ба­ла, ша­бақ
0
1.3
ал­бырт ба­лық­тар (құ­был­ма­лы бақ­тақ, май­қан, ха­ри­ус)
0,017
1.4
ақ­са­қа ба­лық­тар (көк­шұ­бар, көк­шар­бы, пай­даб­а­лық, шыр, мұқ­сын), ұзын са­у­сақ­ты ша­ян
0,012
1.5
қа­ра­көз
0,004
1.6
ит­ба­лық
1,93
1.7
ірi ба­лық­тар:
1.7.1
ақ амур, са­зан, тұқы, ақ­мар­қа, берiш, жай­ын, нәлiм, дөң­маң­дай, шор­тан, жы­лан­бас ба­лық, көк­сер­ке
0,013
1.8
ұсақ ба­лық­тар:
1.8.1
та­бан, тор­та, тұр­па ба­лық, май­ба­лық, көк­бас, қы­зыл­көз, ақ­қай­ран, мөң­ке, ала­бұ­ға, оң­ғақ, кәдiм­гi және та­лас тар­ғақ ба­лы­ғы, қы­зыл­қа­нат, бал­пан ба­лық, бiлеу ба­лық, ай­на­көз, көк­ты­ран, қы­лыш ба­лық, буф­фа­ло, шар­май
0,004
2.
Спорт­тық-әу­ес­қой­лық (ре­кре­а­ци­я­лық) ба­лық аула­уды жүр­гi­зу кезiн­де:
2.1
алып қоя оты­рып:
2.1.1
ірі ба­лық­тар
0,017
2.1.2
қорт­па
6,5
2.1.3
бе­кі­ре тұқым­дас ба­лық­тар
5,5
2.1.4
ақ­са­қа, ал­бырт ба­лық­тар
0,042
2.1.5
ұсақ ба­лық­тар
0,008
2.1.6
ша­ян
0,008
2.2
«ұстап алу-қоя бе­ру» қа­ғи­да­ты негізiн­де:
2.2.1
ірі ба­лық­тар
0,1
2.2.2
бекi­ре тұқым­дас ба­лық­тар (қорт­па, бе­кі­ре, шо­қыр, сүй­рік, піл­май)
4,97
2.2.3
ақ­са­қа және ал­бырт ба­лық­тар
0,27
2.2.4
ұсақ ба­лық­тар
0,068
Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с

Жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі
Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі (АЕК)
бір да­ра нұс­қа-сы үшін
бір ки­ло­гра­мы үшін
1
2
3
4
1.
Сүт­қо­рек­ті­лер:
1.1
шұ­бар мысық неме­се да­ла мысығы
0,030
-
1.2
қа­ра­қас
0,015
-
2.
Құ­стар:
2.1
кiш­кене, қа­ра­мой­ын, қы­зыл­мой­ын, сұр­жақ, үл­кен сұқ­сыр, үл­кен су­құз­ғын, үл­кен көл­бұ­қа, ба­қыл­дақ құ­тан, көк­құ­тан және қош­қыл құ­тан
0,010
-
2.2
үл­кен ақ­құ­тан
0,015
-
2.3
мау­сым­құс, қош­қыл­қа­нат және ал­ты­н­жон та­трең, шү­ріл­дек, ша­у­шүрiл­дек, моң­ғол шүрiл­де­гi, са­ры­са­ғақ шүрiл­дек, шы­ғыс шүрiл­де­гi, теңiз шү­ріл­де­гi, ал­қа­лы та­трең, тас­шар­ла­ған, су­тар­тар, тар­тар, кiш­кене тар­тар, тит­тей тар­тар, қы­зыл­қас­қа су­тар­тар, да­ла қа­ра­қа­сы, қа­ра­ла бал­шық­шы, са­уы­с­қан, бұлың­ғыр, бөр­те бал­шық­шы, үл­кен бал­шық­шы, шө­пiл­дек, тәкiл­дек бал­шық­шы, бұ­лақ­шы, ма­мыр­құс, қай­қы­тұм­сық бал­шық­шы, ақ­жа­ғал қа­лыт­қы, ақ­та­мақ қа­лыт­қы, құм­ғақ­ша, қы­зыл­мой­ын құм­да­уық, ұзын­са­у­сақ құм­да­уық, ақ­құй­рық құм­да­уық, қы­зы­л­төс құм­да­уық, қа­ра­төс құм­да­уық, біз­құй­рық құм­да­уық, құм­құс, тұн­ба­шы, ша­бын­дық және да­ла қа­ра­қа­сы, са­қи­на­лы түр­кеп­тер, са­ры­жа­ғал қа­ра­тор­ғай, са­ры­тұм­сық ша­у­қар­ға, қа­ра­тор­ғай, пай­ыз­тор­ғай, қы­зы­л­тел­пек­тi құ­нақ, көк­қар­ға, бозтор­ғай­лар (ай­дар­лы, тең­бiл­төс, нә­зік­тұм­сық­ты, сұр, сор, да­ла бозтор­ғайы, қо­стең­біл­ді, ақ­қа­нат, қа­ра, құ­лақ­ты, ор­ман бозтор­ғайы, ша­бын­дық бозтор­ғайы, үн­ді бозтор­ғайы), қы­зы­л­тұм­сық ша­у­қар­ға, ала­ба­жақ сай­ра­уық
0,005
-
2.4
қар­шы­ға
0,010
-
2.5
қыр­ғи, мау­бас жа­па­лақ, бай­ғыз, жүн­ба­лақ бай­ғыз, құ­лақ­ты жа­па­лақ, саз жа­па­ла­ғы, жа­ман­са­ры
0,045
-
3.
Ба­уы­ры­мен жор­ға­ла­у­шы­лар:
3.1
Ор­та Азия та­с­ба­қа­сы, саз та­с­ба­қа­сы
0,020
-
3.2
еш­кі­е­мер, бат-бат кесiрт­ке, жұ­мыр­бас құм кесiрт­ке, сығ­ыр­көз
0,010
-
3.3
бозша жы­лан
0,045
-
3.4
өр­нек­тi қа­ра­шұ­бар жы­лан, шы­ғыс және құм жы­ла­ны
0,035
-
3.5
көл­ба­қа
0,005
-
4.
Омырт­қа­сыз су жа­ну­ар­ла­ры:
4.1
ар­те­мия (ци­ста­лар)
-
0,045
4.2
гам­ма­рус, ша­шақ мұрт ша­ян­дар
-
0,010
4.3
сүлiк­тер
-
0,030
4.4
бас­қа да су омырт­қа­сызда­ры мен ци­ста­лар
-
0,005
4.5
ар­те­мия
-
0,0043
Ескерту:

1 1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы тармақтың мақсаттары үшiн – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

2 2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны осы жануарларды табиғи ортадан әкетуге рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр жеке жағдайда белгiлейдi.

3 3. Төлем алынбайды:

1 1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға жібере отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда таңбалау, жүзу, қоныстандыру, жасанды өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алып қою кезінде;

2 2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды түрде өсiрiлген және ерiксiз және (немесе) жартылай еркiн жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланған кезде;

3 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және су жануарларының өзге де түрлерiн пайдалануды биологиялық негiздеу мақсатында балық және басқа да су жануарларын бақылауды жүзеге асырған кезде;

4 4) халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға залал келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне елеулi зиян келтiру қаупiн болдырмау мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерiн алып қою кезiнде.

4

4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган және жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарына салық органына есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi. уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер мен салық салу объектілері.

3 Өтінім

Бұйрыққа 3-қосымша
Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
(кімге)_____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
көрсетілетін қызметті
берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(кімнен)_____________________________
(көрсетілетін қызмет
алушының толық атауы)
мекенжайы__________________________
(индексі, облыс, қала,
аудан, көше, үй №,
пәтер № (бар болса), телефон)
көрсетілетін қызмет алушының
деректемелері
______________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)_____________________________________________________________
Пайдалану түрі: _________________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы______________________________
Алу мақсаты: ___________________________________________________________
Алу тәсілдері: ___________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін
алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
20___жылғы «__»__________ №_____Балық шаруашылығын жүргізу шарты Субъектіні аккредиттеу туралы анықтаманың нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу үшін аулау жағдайында)
Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Объ­ек­ті­лер­дің ата­уы
Са­ны (тон­на)
Са­ны (да­рақ­тар)
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____
Aлу мерзімі: ________ бастап______________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________
Алу құралы:
Алу құ­ра­лы­ның ата­уы
Са­ны
Жүзу құралдары:
Ке­ме­нің тү­рі
Са­ны, да­на
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы «_»
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

4 Бұйрыққа 4-қосымша

Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
8-қосымша
«Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1. Аң аулау
2. Ба­лық аулау (кә­сіп­ші­лік, әу­ес­қой­лық (спорт­тық), ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аулау, ме­ли­о­ра­тив­тік аулау, өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аулау
3. Жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ эпи­зоо­ти­я­ны бол­дыр­мау мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну
4. Жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
3 (үш) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін ар­найы пай­да­ла­ну­дың мы­на­дай түр­ле­ріне бе­рі­ле­ді:
1) аң аулау;
2) ба­лық аулау (кә­сіп­ші­лік, әу­ес­қой­лық (спорт­тық), ғы­лы­ми-зерт­теу мақ­са­тын­да аулау, ме­ли­о­ра­ци­я­лық аулау, өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аулау); 3) жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ ін­дет­ті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну; 4) жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы/ақы­сыз негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­сіне (Са­лық ко­дек­сі) сәй­кес, осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес алы­на­ды.
Тө­лем қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді.
Тө­ле­ма­қы со­ма­сы жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат ал­ған жер бой­ын­ша бюд­жет­ке тө­ле­не­ді. Тө­леу бюд­жет­ке тө­ле­ну­ге жа­та­тын тө­ле­ма­қы со­ма­сы ағым­да­ғы жы­л­ғы кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рін алып қою кво­та­ла­ры бой­ын­ша ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 350 есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен астам со­ма­да асып кет­кен кез­де кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы­ны қо­с­па­ған­да, рұқ­сат алын­ған­ға дей­ін екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы ауда­ру жо­лы­мен жүр­гі­зі­ле­ді.
Кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы тө­леу бюд­жет­ке тө­ле­ну­ге жа­та­тын тө­ле­ма­қы со­ма­сы ағым­да­ғы жы­л­ғы кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рін алып қою кво­та­ла­ры бой­ын­ша ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 350 есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен астам со­ма­да асып кет­кен кез­де мы­на­дай мер­зім­дер­де үле­стер­мен жүр­гі­зі­ле­ді:
ағым­да­ғы жыл­дың 25 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін – ағым­да­ғы жы­лы бе­рі­л­ген жал­пы кво­та­ның 20 пай­ы­зы;
кво­та бе­рі­л­ген жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 25 на­уры­зы­на дей­ін – ағым­да­ғы жы­лы бе­рі­л­ген жал­пы кво­та­ның 40 пай­ы­зы;
кво­та бе­рі­л­ген жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 25 мау­сы­мы­на дей­ін – ағым­да­ғы жы­лы бе­рі­л­ген жал­пы кво­та­ның 40 пай­ы­зы.
Тө­ле­ма­қы:
1) жа­ну­ар­лар­ды кей­ін­нен та­би­ғи ор­та­ға шы­ға­ра оты­рып, ғы­лы­ми-зерт­теу және ша­ру­а­шы­лық мақ­сат­тар­да олар­ды таң­ба­лау, са­қи­на­лау, қо­ныс ауда­ру, жер­сін­ді­ру, жа­сан­ды жол­мен өсі­ру және бу­дан­да­сты­ру мақ­са­тын­да та­би­ғи ор­та­дан алу ке­зін­де;
2) же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың жа­сан­ды жол­мен өсі­рі­л­ген, ерік­сіз және (неме­се) жар­ты­лай ерік­ті жағ­дай­лар­да ұста­ла­тын мен­ші­гі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де; 3) ба­лық ре­сур­ста­рын және су жа­ну­ар­ла­ры­ның бас­қа да түр­ле­рін пай­да­ла­ну­ға био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме мақ­са­тын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ба­лық­тар мен бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын ба­қы­лау үшін аула­уды жү­зе­ге асы­руы ке­зін­де;
4) ха­лық­тың ден­са­улы­ғын қор­ғау, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық және бас­қа да үй жа­ну­ар­ла­рын ау­ру­лар­дан сақ­тау, қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру­дің ал­дын алу, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­тіне еле­улі за­лал кел­ті­ру қа­у­пі­нің ал­дын алу мақ­са­тын­да са­ны рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қою ке­зін­де алын­бай­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру Ко­дек­с­ке сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық-цифр­лы қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға (кә­сіп­ші­лік ба­лық аула­у­ға, ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аула­у­ға, ме­ли­о­ра­ци­я­лық аула­у­ға, өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аула­у­ға, әу­ес­қой­лық (спорт­тық) ба­лық аула­у­ға) рұқ­сат­тар бе­ру ке­зін­де;
2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға (аң аула­у­ға, жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ ін­дет­ті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да, жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну­ға) рұқ­сат­тар бе­ру ке­зін­де.
Пай­да­ла­ну тү­ріне бай­ла­ны­сты қо­сым­ша:
1) аң аула­у­ға (ал­ғаш рет жү­гін­ген кез­де): жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қою ше­тел­дік­тер­дің қа­ты­суы­мен жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да – аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің ше­тел­дік­тер­мен аң аула­уды ұй­ым­да­сты­ру­ға ар­нал­ған шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
2) ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аула­у­ға:
бей­ін­де­у­ші ғы­лы­ми ұй­ым­ның ғы­лы­ми ке­ңе­сі бе­кіт­кен ғы­лы­ми жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу негіз­де­ме­сі­нің және ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­дың бо­лжам­ды кө­ле­мін негіз­дей­тін есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
бұ­дан бұ­рын бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­ды пай­да­ла­ну нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар жағ­дай­ын­да);
3) ме­ли­о­ра­ци­я­лық үшін аула­у­ға:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім.
4) өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аула­у­ға: ба­лық ре­сур­ста­рын мо­лай­ту­ға мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сты орын­дау мақ­са­тын­да аулау жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, бей­ін­де­у­ші ғы­лы­ми ұй­ым­ның ғы­лы­ми ке­ңе­сі бе­кіт­кен био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) кә­сіп­ші­лік үшін аула­у­ға:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім.
6) жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну­ға:
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ды негіз­дей­тін ма­те­ри­ал­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы бар био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме) бе­рі­ле­ді.
7) жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ ін­дет­тің ал­дын алу мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну­ға:
ін­дет мо­ни­то­рин­гі­нен бас­қа, бей­ін­де­у­ші ғы­лы­ми ұй­ым­ның ғы­лы­ми ке­ңе­сі бе­кіт­кен ғы­лы­ми-та­қы­рып­тық жос­пар­дан үзін­ді­нің және ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
ін­дет­ті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жа­ну­ар­лар ау­ру­ла­ры ін­де­ті­нің мо­ни­то­рин­гі үшін ве­те­ри­на­рия са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ы­мы­ның жыл сай­ын­ғы жұ­мыс жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;\
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ды негіз­дей­тін ма­те­ри­ал­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы бар био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме);
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­ті ба­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік жүй­е­лер­ден ЭҮПШ шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Осы Қа­ғи­да­лар­дың 10-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» пор­тал ар­қы­лы нәти­же­ні бе­ру кү­нін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның не оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қой­ы­ла­ды және пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды;
5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
1) ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аулау мақ­са­тын­да рұқ­сат алу үшін «Ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рін ак­кре­дит­теу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 8 мау­сым­да­ғы № 645 қа­улы­сын­да ай­қын­дал­ған тәр­тіп­пен субъ­ек­ті­ні ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет субъ­ек­ті­сі ре­т­ін­де ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы қа­жет.
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы