Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 19 марта 2014 года № А-3/91 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений) и определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)"

Қаулы · № А-6/305 · қабылданған 17.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-391/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 19 марта 2014 года № А-3/91 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений) и определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)" Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/305 ·17.07.2014
16.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 19 марта 2014 года № А-3/91 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений) и определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)"

Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/305 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 19 марта 2014 года № А-3/91 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений) и определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)"
Атауы (қаз.)
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № А-3/91 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-6/305
Қабылданған күні
17.07.2014
Көрсетілген редакция
16.06.2015 82704_167097.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14B0004323
ЭКБ идентификаторы
82704
Редакция идентификаторы
82704_167097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:06

0

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № А-3/91 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № А-3/91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4133 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентінде:
5-тармақтың 6), 7) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын келісу үшін Басқармаға жібереді – 1 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Басқармаға жолдау;
7) Басқарма көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және келісімді немесе келісім беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, кейін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды - 10 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – келісім немесе келісім беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;»;
7-тармақтың 6), 7) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын келісу үшін Басқармаға жібереді – 1 күнтізбелік күн ішінде;
7) Басқарма көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және келісімді немесе келісім беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, кейін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды - 10 күнтізбелік күн ішінде;»;
8-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Рәсім (іс-әрекет) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.»;
келесі мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет етуінің, рәсімдері (әрекеттері) кезеңділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.»;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті қосымшасына осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес 2-қосымшасымен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кезеңділік блок-схемасы

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ А-6/305 қаулысына
1-қосымша
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын
жерін айқындау, сондай-ақ
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат
үйлері (ғимараттары) етіп қайта
бейіндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кезеңділік блок-схемасы
Қысқарманың мағынасын ашу: ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік

5 «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ А-6/305 қаулысына
2-қосымша
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын
жерін айқындау, сондай-ақ
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат
үйлері (ғимараттары) етіп қайта
бейіндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қысқарманың мағынасын ашу: *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

Қолданыстағы