Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2014 года № 530 «Об утверждении Правил организации противотуберкулезной помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, Перечня заболеваний, являющихся основанием освобождения от отбывания наказания, Правил медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с болезнью»

Бұйрық · № 677 · қабылданған 06.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-530-ekb-94721/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2014 года № 530 «Об утверждении Правил организации противотуберкулезной помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, Перечня заболеваний, являющихся основанием освобождения от отбывания наказания, Правил медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с болезнью» Күшін жойған 01.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2014 года № 530 «Об утверждении Правил организации противотуберкулезной помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, Перечня заболеваний, являющихся основанием освобождения от отбывания наказания, Правил медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с болезнью»

Күшін жойған Бұйрық № 677 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2014 года № 530 «Об утверждении Правил организации противотуберкулезной помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, Перечня заболеваний, являющихся основанием освобождения от отбывания наказания, Правил медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с болезнью»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
677
Қабылданған күні
06.08.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2023 94721_686053.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012191
ЭКБ идентификаторы
94721
Редакция идентификаторы
94721_686053
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде

туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру
қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз
болып табылатын аурулар тізбесін,
ауруына байланысты жазасын өтеуден
босатуға ұсынылатын сотталғандарды
медициналық куәландыру қағидасын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы
№ 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 173-бабына, Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 253 (28476) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларында:
8-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын, жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген адамдар, сот шешімімен босатылған соң босатылу орны бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Туберкулезбен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды, ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және мекеменің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі.
ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама еркін нысанда жасалады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. ҚАЖ мекемелерінің әкімшіліктері тиісті құжаттарымен, сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, туберкулезбен ауырған адамның босатылу орны бойынша денсаулық сақтау жүйесінің ТҚҰ-на алып баруды қамтамасыз етеді.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымшада:
1- тармақта:
екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«ТИ-да анықталған және азаматтық денсаулық сақтау секторынан ауыстырылған туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар № 907 бұйрықпен бекітілген туберкулез бойынша есепке алу нысандарына сәйкес ТБ-16 диспансерлік қадағалау картасында, ТБ-03, IV-санатты ТБ-11 журналдарында және Ұлттық туберкулез ауруларын тіркеуіндегі «жаңа жағдай», «рецидив», «басқалар», «ауыстырылды» және т.б. бағандарында тіркеледі.»;
бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«ТИ-да тіркелген науқасты ЕПМ-ге жолдаған кезде науқастың деректері науқас жолданған ТИ-ның ТБ-03 және IV-санатты ТБ-11 журналдарының көшірмесіне «Ескертпе» бағанында ТИ-ның индексі мен келу күнін көрсете отырып енгізіледі. Емдеу және бақылау бойынша барлық деректер ТБ-03 немесе IV-санатты ТБ-11 журналдарына, ТБ-01 немесе IV-санатты ТБ-01 медициналық карталарына және Ұлттық туберкулез аурулары тіркеуіне ол келген ТИ-дың логины мен құпия сөзімен енгізіледі.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Адамды ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы мәселені көтеру үшін сотқа АМК-ның ұсынымы, қорытындысы, сотталғанның мінездемесі мен жеке ісі науқасты куәландыру күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жолданады.
Ұсынымда сотталған туралы деректер, ол жасаған қылмыстың ауырлығы, оның жеке басы туралы, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы және ол ауыратын аурудың сипаты көрсетiледi.
Тізбеде көрсетілген ауруы бар адам науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталғанның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, сотпен жазасын өтеуден босатылады немесе жазасы неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Сотпен ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған сотталғандар аумақтық медициналық ұйымдарға міндетті диспансерлік есепке алынды, кажет болған жағдайда стационарлық емге жатқызылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Босатылған диспансерлік есепте тұрған немесе емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы мекеме әкімшілігіне науқастың денсаулығы жағдайы туралы ақпарат тоқсан сайын, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайда шұғыл хабарлайды.».

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қыркүйек