Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 532 "Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Бұйрық · № 62 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-532-ekb-99091/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 532 "Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі" Қолданыста Бұйрық ·№ 62 ·22.01.2016
22.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 532 "Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"

Қолданыста Бұйрық ·№ 62 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 532 "Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"
Атауы (қаз.)
"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
62
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
22.01.2016 99091_130051.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013066
ЭКБ идентификаторы
99091
Редакция идентификаторы
99091_130051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:56

0 «Алтын белгі» белгісі туралы

ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакциада жазылысын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 - бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Алтын белгі» белгісі туралы ережедегі:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 8-3) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.».

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Алтын белгі» белгісі туралы Ереже

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрлігнің
2016 жылғы 22 ақпандағы
№ 62 бұйрығымен бекітілген
«Алтын белгі» белгісі туралы
Ереже

1 1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-3) тармақшасының 5 бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

2 2. «Алтын белгі» белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда:

1

1) үлгілі мінез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беруді оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар;

2 2) жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан «өте жақсы» деген бағамен өткен білім алушылар марапатталады.

3

3. «Алтын белгі» белгісімен білім алушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының марапаттауға ұсынылатын білім алушылардын осы Ереженің талаптарына сәйкестігі туралы ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.

4 4. «Алтын белгі» белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

5

5. Заңның 26-бабының 5-1) тармағына сәйкес «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.

6 6. «Алтын белгі» белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.

7 7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларға қолданылады.

8 8. «Алтын белгі» белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес «Алтын белгі» белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1 «Алтын белгі» белгісінің сипаттамасы

«Алтын белгі» белгісі туралы
Ережеге қосымша
«Алтын белгі» белгісінің сипаттамасы
«Алтын белгі» белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында «Алтын белгі» деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. «Алтын белгі» жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгінің артқы жағында «Қазақстан Республикасы» деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Қолданыстағы