«О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 628
- Қабылданған күні
- 10.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2018 125067_359424.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000628
- ЭКБ идентификаторы
- 125067
- Редакция идентификаторы
- 125067_359424
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:57
0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері»
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 74), 151), 152), 420) және 432) тармақшалары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кодекске сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 42) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 49) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 263), 264), 265), 266), 267) және 268) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.».
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 628 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, уранды өндіру, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральды құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1 1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2 2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.
3 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6 6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7 7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9 9. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
10 10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11 11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2 2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14 14. Миссиясы:
бәсекеге қабілеттіліктің, ұлттық және энергетикалық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың энергия көздеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау.
15 15. Міндеттері:
1
1) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, уранды өндіру, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
2 2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3 3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
4 4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
5 5) көмірсутектер, уран ресурстарын молайтуды қамтамасыз ету және шикі газды қоса алғанда, оларды ұтымды пайдалану;
6 6) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғат ресурстарын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
7 7) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат тарату мен ағарту жүйесін дамыту;
8 8) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;
9 9) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
10 10) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16 16. Функциялар:
орталық аппараттың функциялары:
1 1) реттелетін салалардағы стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2 2) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
3 3) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
4 4) қоғамдық кеңес құрады;
5 5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;
6 6) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;
7 7) қоғамдық кеңестің және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;
8 8) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;
9 9) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;
10 10) қоғамдық кеңестің құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
11 11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
12 12) қоғамдық кеңеске азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобаларын талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді;
13 13) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;
14 14) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;
15 15) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
16 16) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17 17) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
18 18) реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;
19 19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілейді және бекітеді;
20 20) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
21 21) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
22 22) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
23 23) климаттың өзгеруі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
24 24) Министрліктің құзыреті шеңберінде бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
25 25) реттелетін салалардағы техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;
26 26) көмірсутектер саласында лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;
27 27) рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;
28 28) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
29 29) реттелетін саладағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
30 30) реттелетін саладағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
31 31) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
32
32) газ және газбен жабдықтау саласындағы, жер қойнауын пайдалану және мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр саласында, көмірсутектер және уран өндіру саласында, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, оларды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласында, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
33 33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
34
34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
35
35) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
36 36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;
37 37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
38 38) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;
39 39) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға өз құзыреті шегінде тапсырады;
40 40) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын мұнай өнімдерін өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
41 41) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автокөліктерге жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
42 42) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43 43) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
44 44) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
45 45) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;
46 46) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын әзірлейді және бекітеді;
47 47) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді;
48 48) Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
49 49) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
50 50) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
51 51) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;
52 52) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
53 53) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептер нысаны мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
54 54) жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді және бекітеді;
55 55) көмірсутектер бойынша және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
56
56) құрлықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
57 57) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;
58 58) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;
59 59) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
60 60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар өткізу жөніндегі комиссияның құрамын әзірлейді және бекітеді;
61 61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
62 62) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;
63 63) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
64 64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
65
65) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісімшарттың орындалу мүмкіндігін, мұнай экспорты үшін олардың аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады;
66 66) ішкі нарық қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастырады;
67
67) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ресейлік мұнайды тасымалдау құнын бекітеді;
68 68) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
69 69) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
70 70) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;
71 71) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды жүргізу жөніндегі комиссияның көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарын ұйымдастырады және өткізеді;
72 72) басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
73 73) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады;
74 74) базалық жобалау құжаттарының және әзірлемелер талдауларының тәуелсіз сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады;
75 75) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге және уран өндiруге келiсiмшарт жасасады;
76 76) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
77 77) көмірсутектерді барлау мен өндіруге, уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;
78 78) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;
79 79) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
80 80) көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын жаңғырту туралы шешім қабылдайды;
81 81) көмірсутектер мен уран бойынша келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруға шарт жасасады;
82 82) ұлттық компания мен құзыретті органның арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;
83 83) конкурс жеңімпазы немесе тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлға әзірлеген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасын келіседі;
84 84) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;
85 85) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
86 86) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды;
87
87) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;
88 88) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;
89 89) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;
90 90) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;
91 91) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
92 92) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;
93 93) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
94 94) көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін жыл сайын бекітеді;
95 95) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;
96 96) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;
97 97) мұнай өнімдерін жеткізу жоспарларын жыл сайын бекітеді;
98 98) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
99 99) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
100
100) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;
101
101) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бойынша барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;
102 102) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;
103 103) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізу кестесін жер қойнауын пайдаланушылар үшін бекітеді;
104 104) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
105 105) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;
106 106) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;
107 107) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;
108 108) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді;
109 109) мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
110 110) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізулеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;
111 111) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
112 112) шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
113 113) шикі газды факелде жағуға рұқсаттар береді;
114 114) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
115 115) газ желілері ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;
116 116) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
117 117) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
118 118) магистральдық мұнай құбыржолдарын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбыржолдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
119 119) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;
120 120) мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
121 121) жаңа магистральдық құбыржол салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
122 122) магистральдық құбыржолдарды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
123 123) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
124 124) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
125
125) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
126 126) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;
127 127) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
128 128) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
129 129) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
130 130) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттарды жасасады;
131 131) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
132 132) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;
133 133) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
134 134) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;
135 135) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің жоспарын ай сайын бекітеді;
136 136) магистральдық газ құбыржолдарын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келіседі;
137 137) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды және бекітуді жүзеге асырады;
138 138) Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидаларын әзірлейді;
139 139) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсім бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;
140 140) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;
141 141) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингін жүзеге асырады;
142 142) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;
143 143) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін айқындайды;
144 144) мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау кестесін жасау тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбыржолдарымен тасымалдау кестесін бекітеді;
145
145) тауарлық газды өндірушілерді, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерін, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарын есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды;
146
146) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутектерді өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерін, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерін, газ желісі ұйымдарының және сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды;
147 147) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
148 148) көмірсутектерді өндіру, өткізу және тұтынудың ұлттық теңгерілімін жүргізеді;
149 149) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;
150 150) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;
151 151) мұнайды және газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекітеді;
152 152) өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
153 153) мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
154 154) мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;
155 155) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды белгілейді;
156 156) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
157 157) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;
158
158) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді жүзеге асырады;
159 159) реттелетін салаларда техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;
160 160) техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейіне және олармен өзара байланысты стандарттарға талдау жүргізеді;
161 161) реттелетін салаларда үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысады және үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасайды;
162 162) реттелетін салаларда стандарттау бойынша техникалық комитеттерді, сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім бойынша зертханалар мен сәйкестігін растау жөніндегі органдар жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
163 163) стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысына қатысады;
164 164) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптама кеңесін құруды жүзеге асырады;
165 165) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлейді, белгілейді және қабылдайды;
166 166) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
167 167) өз құзыреті шегінде пайдаланылып болған отын немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
168 168) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде халықтың сәулелену дозасын бақылау мен есепке алу саласында мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
169 169) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекітеді;
170 170) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын бекітеді;
171 171) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
172 172) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекітеді;
173 173) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекітеді;
174 174) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
175 175) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
176 176) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
177 177) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді;
178 178) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
179 179) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды;
180 180) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
181 181) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын бекітеді;
182 182) иондандырушы сәулелену әсеріне байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау тәртібін айқындайды;
183
183) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсу бойынша әрбiр пайдаланушы ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайларын ескере отырып, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбiн бекiтедi;
184 184) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;
185 185) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп:
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларын бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды);
электр және жылу энергетикасы, магистральдық құбыржолдар арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, оны магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;
энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
186 186) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;
187 187) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;
188 188) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
189 189) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
190 190) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
191 191) салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифті есептеу әдістемесін келіседі;
192 192) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
193 193) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
194 194) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирдің үлгісін белгілейді;
195 195) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
196 196) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс істеуінің және оны ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындайды;
197 197) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
198 198) қосарлас (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
199 199) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
200 200) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
201 201) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
202 202) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
203 203) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
204 204) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
205 205) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
206 206) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
207 207) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;
208 208) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
209 209) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
210 210) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
211 211) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
212 212) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
213 213) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
214 214) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броні актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
215 215) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
216 216) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
217 217) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
218 218) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
219 219) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
220 220) электр желілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
221 221) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
222 222) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
223 223) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
224 224) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
225 225) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
226 226) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
227 227) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
228 228) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
229 229) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
230 230) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
231
231) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
232
232) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
233 233) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
234 234) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларын салуға тендер өткізеді;
235 235) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларын салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
236 236) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялау қондырғыларын салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
237 237) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
238 238) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
239 239) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларының құрылысына арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
240 240) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
241 241) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялау қондырғыларын салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
242 242) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
243 243) жүйелік операторды айқындайды;
244 244) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
245 245) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
246 246) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
247 247) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
248 248) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249
249) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
250 250) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;
251 251) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
252 252) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
253 253) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
254 254) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
255 255) генерациялау қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
256
256) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
257
257) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
258 258) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
259
259) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
260 260) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
261 261) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;
262 262) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;
263 263) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;
264 264) шекті тарифтерді бекітеді;
265 265) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;
266 266) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерінің және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
267 267) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;
268 268) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілген жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
269 269) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
270 270) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
271 271) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
272 272) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
273 273) қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
274
274) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;
275
275) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
276 276) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;
277
277) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;
278 278) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;
279 279) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
280 280) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;
281 281) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
282 282) климатты және Жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;
283 283) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
284 284) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
285 285) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
286 286) табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
287 287) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады және жыл сайын ақпараттық шолу жасайды;
288 288) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
289 289) экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;
290 290) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғат ресурстарына мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;
291 291) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
292 292) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін айқындайды;
293 293) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін белгілейді;
294 294) қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;
295 295) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды;
296
296) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды;
297
297) қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды;
298 298) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;
299 299) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді;
300 300) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
301 301) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
302 302) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
303 303) аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын белгілейді;
304 304) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
305 305) озық қолжетімді технологиялардың тізбелерін әзірлейді және оның тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
306 306) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
307 307) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
308 308) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
309 309) өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын айқындайды;
310 310) тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын айқындайды;
311 311) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
312 312) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
313 313) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
314 314) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Қазақстан Республикасының Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
315 315) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
316 316) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
317 317) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;
318 318) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
319 319) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
320 320) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;
321 321) спутниктік навигациялық жүйелердің деректері бойынша қалдықтарды әкетуге мамандандырылған көлік құралдарының қозғалысын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;
322 322) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
323 323) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;
324 324) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады;
325 325) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
326 326) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
327 327) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
328 328) квоталар көлемінің резервін басқаруды жүзеге асырады;
329 329) жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін Министрліктің интернет-ресурсында өткен жылғы:
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады;
330 330) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
331 331) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
332 332) міндетті экологиялық аудитті өткізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;
333 333) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер мен меморандумдар жасасады;
334 334) қоршаған ортаның авариялық ластануына әкеп соқтырған келтірілген зиянның және сақтандыру жағдайының залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылатын құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;
335 335) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына сарқынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
336 336) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
337 337) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;
338 338) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестерді құрады;
339 339) әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;
340 340) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысандарын әзірлейді және бекітеді;
341 341) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібін және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
342 342) қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
343 343) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;
мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасу тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмдерiн;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторингті, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу мен есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларының азайюын және сіңірілуін есептеу әдістемелерін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерін;
эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластауыш заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталармен және мiндеттемелермен сауда жасау тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын ;
парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;
жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;
мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпарат ұсынудың нысандарын;
қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты;
қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын;
тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;
мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану қағидаларын бекітеді;
344
344) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
345 345) топырақта химиялық заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясын бекітеді;
346 346) қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;
347 347) тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекітеді;
348 348) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекітеді;
349 349) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;
350
350) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;
351 351) қондырғы операторы әзірлеген парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін келіседі;
352 352) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
353 353) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу жөніндегі бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
354 354) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 47-бабының 1-тармағында көзделген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;
355 355) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
356 356) Қоршаған орта мен табиғат ресурстары мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде бақылау желілерін құруды келіседі;
357 357) мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын келіседі;
358 358) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
359 359) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;
360 360) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
361 361) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
362 362) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;
363 363) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін даму стратегиясын және инвестициялық саясатын келіседі;
364 364) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін бекітеді;
365 365) жер қойнауын пайдаланушының қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау түрлерін және әдістерін айқындау тәртібін белгілейді;
366 366) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және Жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін айқындайды;
367 367) парниктік газдар эмиссиялары мен сіңірулеріне жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;
368 368) мыналарды:
мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;
қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді;
369 369) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
370 370) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
371 371) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыру жөніндегі бөлінген орталық функциясын жүзеге асырады;
372 372) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісу рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функцияларын жүзеге асырады;
373 373) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
374 374) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
375 375) қалдықтар сыныптауышын бекітеді;
376
376) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
377 377) нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін айқындайды;
378 378) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторын айқындайды;
379 379) озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгілейді;
380 380) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;
381 381) тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
382 382) электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
383 383) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;
384 384) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
385 385) электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең жақын нүктені айқындау тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
386
386) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
387 387) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
388 388) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
389 389) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;
390 390) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
391 391) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
392 392) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;
393 393) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
394 394) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
395 395) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
396 396) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;
397 397) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
398 398) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімділікті сақтауды қамтамасыз етеді;
399 399) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті анықтайды;
400 400) Министрліктің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
401 401) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
402 402) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырады;
403 403) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында орналастырады;
404 404) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына ақпарат орналастырады;
405 405) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізеді;
406 406) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
407 407) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
408 408) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
409 409) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залалдар мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шараларын қабылдайды;
410 410) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
411 411) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;
412 412) Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын енгізу туралы шешім қабылдайды;
413 413) атом энергетикасы, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
414 414) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
415 415) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәнін белгілейді;
416 416) жер қойнауына жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
417 417) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
418 418) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлейді және бекітеді;
419 419) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
420 420) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсын пайдалану арқылы электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
421 421) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
422 422) көмірсутектерді барлау және өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
423 423) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
424 424) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
425 425) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
426 426) мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
427 427) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекітеді;
428
428) көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үйлестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
429 429) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын және нысандарын әзірлейді және бекітеді;
430 430) қазақстандық кадрларды және көмірсутектер мен уранға қатысты өндірушілерді қолдау саласындағы операторды айқындайды;
431
431) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғандағы тізілімін жасау және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
432 432) базалық жобалау құжаттарының және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторын айқындайды;
433 433) шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу операторын айқындайды;
434 434) жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
435 435) көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
436 436) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
437 437) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;
438 438) жұмыс бағдарламалары нысандарының мазмұнын әзірлейді және бекітеді;
439 439) табиғи нысандағы міндеттемелерді орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
440
440) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
441
441) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердiң аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу бойынша айналымдарына нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
442
442) салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынатын, газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
443 443) құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
444 444) жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықтарды және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін келіседі;
445 445) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты келіседі;
446 446) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты келіседі;
447 447) жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге өткізуді келіседі;
448 448) өз құзыреті шегінде көмірсутектер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;
449 449) көмірсутектер саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
450 450) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;
451 451) жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
452 452) мұнайды және шикі газды өндіру мен олардың айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізеді;
453 453) көмірсутектерді өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізеді;
454 454) өз құзыреті шегінде уран өндіру саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
455 455) уран өндіру саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
456 456) уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;
457 457) уран өндіру бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
458 458) уран өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
459 459) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
460 460) мемлекеттің басым құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
461 461) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларға тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
462 462) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
ведомстволардың функциялары:
1 1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2 2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3 3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
4 4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
5 5) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
6 6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7 7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
8 8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
9 9) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10 10) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
11 11) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;
12
12) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
13 13) электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
14 14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
15 15) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
16 16) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады;
17
17) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;
18
18) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;
19
19) мерзiмдер мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;
20 20) мыналарды:
электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуына;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын;
электр және жылу энергиясын тұтыну, тарату өндіру тәртібін оңтайландыруды, ұтымды және үнемді пайдалануды;
электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
21 21) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы, атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
22
22) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;
23 23) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
24 24) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
25 25) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
26 26) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
27 27) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
28 28) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
29 29) ядролық материалдардың және иондандырушы сәулеленудің басқа да көздерінің экспортын, импортын, орнын ауыстыруды, транзитін және орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
30 30) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
31 31) ядролық материалдарды және иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
32 32) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
33
33) ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, иондандырушы сәулелену көздерінің жабдықтардың, қондырғылары, технологиялары, екіұдай (мақсаттағы) пайдаланылатын жабдық және оларды шығаруға байланысты жұмыстардың тиісті тауарлар мен технологиялардың, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензия беруін келіседі;
34 34) сарапшы ұйым ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жататын есептеу әдістемелерін келіседі;
35 35) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың Қазақстан Республикасының аумағында әрекетін қолданады;
36
36) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
37 37) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
38 38) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;
39 39) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;
40 40) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
41 41) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
42 42) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
43 43) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;
44 44) санкциясыз қол жеткізуге, санкциясыз алып қоюға немесе диверсия жасауға байланысты немесе олар іс жүзінде жасалған оқиға болған жағдайда, оқиға себептері, олардың жай-күйі және салдары, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы пайдаланушы ұйымның есебін қарайды;
45 45) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;
46 46) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
47 47) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
48 48) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады;
49 49) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімі туралы дерекқорда қамтылған мәліметтерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ұсынады;
50 50) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады;
51 51) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;
52
52) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, олардың орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері туралы, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түріне лицензияның бар-жоғы, экспортқа немесе импортқа лицензияның бар-жоғы туралы алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпаратты тексереді;
53 53) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін тестілеу сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
54 54) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізетін комиссияны құрады;
55 55) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;
56 56) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды, талдауды және радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін бекітуді жүзеге асырады;
57 57) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі;
58 58) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;
59 59) техникалық регламент талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шығарылған елінде бекітілген талаптарына сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері және элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;
60 60) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды береді;
61 61) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;
62 62) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;
63 63) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді, сондай-ақ тіркеуден алуды жүзеге асырады;
64 64) ядролық қондырғыларды пайдалану жобалау құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;
65 65) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттерді жүргізу әдістемесін келіседі;
66 66) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
67 67) ядролық қондырғының әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
68 68) пайдаланушы ұйым әзірлеген белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;
69
69) бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуларды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалары мен жүйелерінің өзгерістерін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгерістерін келіседі;
70 70) арнайы қабылдап алуға тиісті жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;
71 71) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттың және өзге де куәліктердің нысанын келіседі;
72 72) қолданыстағы жабдық пен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуді келіседі;
73 73) атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келіседі;
74 74) жабдықты және құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және атом станциясының жүйелерін жұмыс параметрлері кезінде пайдалануға рұқсаттар береді;
75 75) атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;
76 76) отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;
77 77) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгі мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;
78 78) иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерін айқындайды;
79 79) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
80 80) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;
81 81) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;
82 82) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;
83 83) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
84 84) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
85 85) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
86 86) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
87 87) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді;
88 88) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
89 89) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
90 90) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
91 91) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
92 92) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
93 93) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді;
94 94) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
95 95) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;
96 96) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін әзірлейді;
97 97) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
98 98) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын әзірлейді;
99 99) ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
100
100) осы тармақта және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
101
101) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
102 102) апелляциялық комиссия құрады;
103 103) апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын бекітеді;
104 104) шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
105 105) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
106 106) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарын келіседі;
107 107) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
108 108) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
109 109) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;
110 110) өндірістік және басқа да сарқынды суларды теңізге төгу үшін, осындай сулар белгіленген нормативтерге дейін тазартылған жағдайда рұқсаттар береді;
111 111) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
112 112) тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
113 113) жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасын келіседі;
114 114) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
115 115) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің I санаты үшін нормалау);
116 116) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар береді;
117 117) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды;
118
118) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
119 119) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
120 120) ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
121 121) экологиялық қауіпті технологиялар, техникалар мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
122 122) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына;
қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуіне;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуына;
қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуына;
жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;
пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына;
зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуіне;
су сапасы нормативтерінің сақталуына;
атмосфералық ауаны қорғау, оның ішінде көлік және басқа да қозғалыс құралдарын пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге де талаптардың сақталуына;
қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуына;
қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу ережелерiнiң сақталуына;
экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуына;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына;
өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуына;
Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуына;
мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуына;
міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуына;
озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
123 123) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
124 124) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
125 125) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
126 126) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
127 127) әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
128 128) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
129 129) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
130 130) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
131 131) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды күтіп-ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
132 132) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
133 133) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
134 134) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламаларын келіседі;
135 135) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
136 136) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
137 137) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
138 138) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
139 139) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17 17. Құқықтары мен міндеттері:
1 1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;
2 2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешімдерді өз бетінше қабылдау;
3 3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4 4) өз құзыреті шегінде орындау үшін нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды қабылдау;
5 5) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе уәкілетті органдардың қарауына осындай актілердің бастамашылық жобаларын беру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6 6) орталық және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
7 7) Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
8 8) халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгізу, шетелдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
9 9) тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;
10 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттер.
3 3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18 18. Министрлікті басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Министрліктің бірінші басшысы болып табылады.
19 19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
20 20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21 21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1 1) Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2 2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3 3) Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өкілдік етеді;
4 4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
5 5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6 6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
7 7) ведомстволар актілерінің қолданысын жояды, толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
8 8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
9 9) тиісті Үкімет шешімі қабылданған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет тікелей және жанама қатысатын коммерциялық ұйымдарда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіреді;
10 10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22 22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
23 23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4 4. Министрліктің мүлкі
24 24. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
25 25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26 26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
27 27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1 1. «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
2 2. «ДостықЭнерго» акционерлік қоғамы.
3 3. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы.
4 4. «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы.
5 5. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
6 6. «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
7 7. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1 1. «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2 2. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3 3. «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4 4. «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5 5. «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2 2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4 4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5 5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6 6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7 7. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8 8. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9 9. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10 10. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11 11. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
12 12. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
13 13. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
14 14. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
15 15. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
16 16. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
17 17. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі
1 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.
3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті.
4 4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті.
5 5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
6 6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті.
7 7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
8 8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.
9 9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті.
10 10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.
11 11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті.
12 12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.
13 13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
14 14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.
15 15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті.
16 16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.
17 17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2 2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі
«Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі.