О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 321
- Қабылданған күні
- 14.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2021 155894_523798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000321
- ЭКБ идентификаторы
- 155894
- Редакция идентификаторы
- 155894_523798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:07
0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уранды өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.»;
15-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұнай-газ, мұнай газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уранды өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;»;
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
168) тармақша алып тасталсын;
171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«171) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;»;
175) тармақша алып тасталсын;
176) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«176) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекітеді;»;
183) тармақша алып тасталсын;
415) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«415) атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;»;
ведомстволардың функцияларында:
29) және 34) тармақшалар алып тасталсын;
39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«39) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;
40) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;»;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
78) тармақша алып тасталсын;
84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«84) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;»;
89) тармақша алып тасталсын;
90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«90) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;»;
92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«92) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;».