Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қаулы · № 492 · қабылданған 16.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-994-ekb-158319/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 492 ·16.07.2021
16.07.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 492 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
492
Қабылданған күні
16.07.2021
Көрсетілген редакция
16.07.2021 158319_537455.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000492
ЭКБ идентификаторы
158319
Редакция идентификаторы
158319_537455
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:32

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
48-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48-1) Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, ережеде оның қызметін ұйымдастыру, құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу айқындалады;»;
мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:
«82-1) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 180-1) тармақшамен толықтырылсын:
«180-1) радиоактивті қалдықтарға нормативтерді белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 423-1) тармақшамен толықтырылсын:
«423-1) мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 431-1) тармақшамен толықтырылсын:
«431-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
ведомствоның функцияларында:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметке мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.»;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
6-тармақ алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бұл ретте осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он алтыншы және он жетінші абзацтары 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы