Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қаулы · № 136 · қабылданған 17.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-994-ekb-165402/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 136 ·17.03.2022
17.03.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 136 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
136
Қабылданған күні
17.03.2022
Көрсетілген редакция
17.03.2022 165402_564646.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000136
ЭКБ идентификаторы
165402
Редакция идентификаторы
165402_564646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:04

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».

2 2. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 277-бабының 6-тармағына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 49) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

2 2. Министрліктің мынадай ведомствосы бар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.

3 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4

4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.

10 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

11 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12 12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері

13 13. Міндеттері:

1

1) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;

2 2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

3 3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

4 4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

5 5) шикі газды қоса алғанда, көмірсутектер, уран ресурстарын молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

6 6) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;

7 7) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

8 8) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14 14. Өкілеттіктері:

1 1) құқықтары:

өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотқа жүгіну;
тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;
орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;
реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;

2 2) міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

15 15. Функциялары:

1 1) реттелетін салаларда стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2 2) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

3 3) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

4 4) қоғамдық кеңес құрады;

5 5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;

6 6) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;

7 7) қоғамдық кеңестің және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;

8 8) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;

9 9) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;

10 10) қоғамдық кеңестің құрамын бекітеді;

11 11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

12 12) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;

13 13) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;

14 14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

15 15) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

16 16) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

17 17) стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптауыштарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

18 18) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

19 19) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша реттелетін салаларда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

20 20) реттелетін салаларда мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;

21 21) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптарды белгілейді;

22 22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

23 23) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

24 24) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

25 25) Министрліктің даму жоспарын әзірлейді және бекітеді;

26 26) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;

27 27) реттелетін салаларда өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;

28 28 реттелетін салаларда рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;

29 29) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;

30 30) реттелетін салада рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

31 31) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

32

32) газ және газбен жабдықтау саласында, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіру саласында, магистральдық құбыр, көмірсутектер және уран өндіру, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

33 33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;

34

34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеп, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

35

35) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

36 36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;

37 37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;

38 38) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;

39 39) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

40 40) өндіру паспортын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін, өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;

41 41) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

42 42) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

43 43) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

44 44) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;

45 45) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын әзірлейді және бекітеді;

46 46) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді;

47 47) Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

48 48) қызметін ұйымдастыруды, құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайтын Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

49 49) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

50 50) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

51 51) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;

52 52) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

53

53) көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептер нысандары мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

54 54) жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді және бекітеді;

55 55) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

56

56) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;

57 57) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

58 58) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

59 59) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

60 60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын әзірлейді және бекітеді;

61 61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

62 62) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;

63 63) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

64 64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

65 65) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастырады;

66

66) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ресейлік мұнайды тасымалдау құнын бекітеді;

67 67) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

68 68) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

69 69) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;

70 70) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды ұйымдастырады;

71 71) басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

72 72) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады;

73 73) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге және уран өндiруге келiсiмшарт жасасады;

74 74) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

75 75) көмірсутектерді барлау мен өндіруге және уран өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;

76 76) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;

77 77) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

78 78) көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;

79 79) көмірсутектер мен уран бойынша келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады;

80 80) ұлттық компания мен құзыретті органның арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;

81 81) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

82 82) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

83 83) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

84 84) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу тәртібін айқындайды;

85

85) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;

86 86) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;

87 87) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;

88 88) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;

89 89) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен көмірсутектер және уран өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады;

90

90) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

91

91) кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер шарттарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оның қорытындыларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ұсынылатын жер қойнауын пайдаланушылардың мәліметтері негізінде Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

92

92) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

93

93) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

94 94) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;

95 95) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

96 96) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;

97 97) жыл сайын мұнайды және қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарларын бекітеді;

98 98) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін жеткізу жоспарларын бекітеді;

99 99) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

100 100) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

101 101) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

102

102) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;

103

103) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарларын (кестелерін) ұсынады;

104

104) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру графиктерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;

105 105) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

106 106) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

107 107) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;

108 108) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;

109 109) мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

110 110) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізулеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;

111 111) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

112 112) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

113 113) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

114 114) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар береді;

115 115) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;

116 116) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;

117 117) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

118 118) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;

119 119) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

120 120) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

121 121) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

122 122) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

123 123) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

124

124) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

125 125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін әзірлейді;

126 126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

127

127) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

128 128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

129 129) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттар жасасады;

130 130) газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

131 131) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;

132 132) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

133 133) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;

134 134) ай сайын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің жоспарын бекітеді;

135 135) магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келіседі;

136 136) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды жүзеге асырады және бекітеді;

137 137) Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған артықшылықты құқығын іске асыру қағидаларын әзірлейді;

138 138) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;

139 139) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекiтедi;

140

140) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен жыл сайын 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде бекіте отырып, оны пайдалануға енгізілген күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi;

141

141) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi;

142 142) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады;

143 143) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;

144 144) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;

145 145) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

146 146) тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

147 147) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;

148 148) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

149 149) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

150 150) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

151 151) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;

152 152) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін бекітеді;

153

153) тауарлық газды өндірушілердің, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының есебін жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

154 154) сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің субъектілерін есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

155 155) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;

156 156) көмірсутектерді өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізеді;

157 157) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;

158 158) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;

159 159) өндірістік объектілерді шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру тізбесін және мерзімдерін бекітеді;

160 160) өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

161 161) шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

162 162) мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;

163 163) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төмен нормативтер мен талаптарды белгілейді;

164 164) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

165 165) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуді жүзеге асырады;

166 166) реттелетін салаларда техникалық регламенттер әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;

167 167) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

168 168) құзыреті шеңберінде стандарттау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;

169 169) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

170 170) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

171 171) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

172 172) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

173 173) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;

174 174) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;

175 175) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;

176 176) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

177 177) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

178 178) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;

179 179) өз құзыреті шегінде пайдаланылып болған отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

180 180) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

181 181) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

182 182) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

183 183) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

184 184) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

185 185) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

186 186) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

187 187) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

188 188) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

189 189) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен, Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданады;

190 190) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

191 191) радиоактивті қалдықтарға нормативтерді белгілейді;

192 192) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

193 193) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;

194 194) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3-тармағына сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;

195 195) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;

196 196) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

197 197) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;

198 198) санкциясыз қол жеткізуге, санкциясыз алып қоюға немесе диверсия жасауға байланысты немесе олар іс жүзінде жасалған оқиға болған жағдайда, оқиға себептері, олардың мән-жайлары және салдары, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы пайдаланушы ұйымның есебін қарайды;

199 199) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;

200 200) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы жағдайларын келіседі;

201 201) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;

202 202) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады;

203 203) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімдері туралы дерекқорда қамтылатын мәліметтерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ұсынады;

204 204) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы деректерді алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;

205

205) жеке және заңды тұлғалар алдын ала хабарламаларда, уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері, атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензияның бар-жоғы, экспортқа немесе импортқа лицензияның бар-жоғы туралы хабарламалар мен есептерде ұсынатын ақпаратты тексеруді жүргізеді;

206 206) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізу үшін тест сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

207 207) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізетін комиссия құрады;

208 208) пайдаланушы ұйым беретін жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;

209 209) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады;

210 210) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;

211 211) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;

212 212) техникалық регламенттер талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олар шығарылған елде бекітілген талаптарға сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері мен элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;

213 213) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарау нәтижелері бойынша қорытынды береді;

214 214) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;

215 215) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;

216 216) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тіркеуден алады;

217 217) ядролық қондырғының жобалау пайдалану құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;

218 218) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттер жүргізу әдістемесін келіседі;

219 219) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;

220 220) ядролық қондырғы әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламаларын келіседі;

221 221) пайдаланушы ұйым дайындаған белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;

222

222) бекітілген жобалау құжаттамасынан ауытқуды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалар мен жүйелердің өзгеруін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген, атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгеруін келіседі;

223 223) арнайы қабылдап алуға жататын жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;

224 224) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттардың және өзге де куәліктердің нысандарын келіседі;

225 225) қолданыстағы жабдықтар мен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді келіседі;

226 226) атом станциясының әкімшілігі бекіткен атом станциясының жүйелерін, жабдықтары мен құбырларын пайдалану жөніндегі жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және жұмыстар көлемін азайтуды келіседі;

227 227) жабдықтар мен құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс параметрлері кезінде атом станциялары жүйелерін пайдалануға рұқсат береді;

228 228) атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;

229 229) отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;

230 230) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;

231 231) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;

232 232) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;

233 233) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;

234 234) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;

235 235) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;

236 236) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;

237 237) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді;

238 238) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

239 239) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;

240 240) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және өзгерістер енгізеді;

241 241) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін келіседі;

242 242) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

243 243) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының операторын (операторларын) конкурстық негізде айқындайды;

244 244) орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының үлесін монополияға қарсы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды;

245 245) электр энергиясына және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;

246 246) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

247 247) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

248 248) жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

249 249) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзушылықтар және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

250 250) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

251 251) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

252 252) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;

253 253) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

254 254) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша электр байланысы жоқ өңірлер үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр энергиясының көтерме нарығының жұмыс істеу және оны ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындайды;

255 255) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

256 256) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

257 257) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

258 258) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

259 259) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

260 260) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

261 261) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

262 262) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;

263 263) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

264 264) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;

265 265) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

266 266) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

267 267) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

268 268) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

269 269) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

270 270) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

271 271) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

272 272) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

273 273) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

274 274) жүйелік оператордың қызметтер көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

275 275) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді

276 276) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

277 277) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

278 278) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

279 279) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

280 280) электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

281 281) маневрлік генерациялау режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;

282 282) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;

283 283) электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

284 284) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

285 285) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

286 286) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

287 287) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

288 288) техникалық жаңғыртудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

289 289) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

290 290) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

291 291) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

292 292) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

293 293) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

294

294) электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

295

295) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

296 296) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;

297 297) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

298 298) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;

299 299) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;

300 300) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;

301 301) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

302 302) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

303 303) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

304 304) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

305 305) электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

306 306) жүйелік операторды айқындайды;

307 307) электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

308 308) тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

309 309) тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

310 310) бекітілген қағидаларға сәйкес тізілімді қалыптастырады және жүргізеді;

311 311) тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

312 312) тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжанатын тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

313 313) тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орнын (алаңдарды), отынның типі мен түрін келіседі;

314 314) энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

315

315) энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;

316 316) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;

317 317) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің мөлшерлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

318 318) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

319 319) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

320

320) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемдерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

321 321) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасады;

322 322) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

323 323) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

324 324) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;

325 325) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;

326 326) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

327

327) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемдерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

328

328) құрамына жылу электр орталықтары кіретін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

329 329) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

330

330) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

331 331) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

332 332) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүліктің (активтердің) тізбесіне электр энергиясын енгізу туралы шешім қабылдайды;

333 333) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

334 334) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

335 335) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартады;

336

336) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

337 337) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;

338

338) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;

339

339) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;

340

340) мерзiмдер мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;

341 341) мыналарды:

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын;
электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды және техникалық жай-күйін;
электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;
электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

342 342) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

343

343) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпарат жібереді;

344 344) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

345 345) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;

346 346) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;

347 347) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

348 348) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

349 349) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

350 350) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

351 351) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

352 352) қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекітеді;

353 353) қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

354

354) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;

355

355) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

356 356) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;

357

357) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;

358 358) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;

359 359) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды тексеруді жүзеге асыратын комиссияны қалыптастырады;

360 360) маневрлік генерациялау режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды;

361 361) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;

362 362) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

363 363) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекітеді;

364 364) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

365 365) электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

366 366) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;

367 367) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;

368 368) электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

369

369) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

370 370) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

371 371) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

372 372) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;

373 373) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

374 374) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

375 375) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;

376 376) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

377 377) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

378 378) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

379 379) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;

380 380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауды және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

381 381) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

382 382) реттелетін салалардағы кадрларға қажеттілікті айқындайды;

383 383) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;

384 384) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;

385 385) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастырады;

386 386) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында орналастырады;

387 387) ақпараттың сапасына және уақтылы берілуіне ішкі бақылау жүргізеді;

388 388) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

389 389) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;

390 390) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

391 391) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

392 392) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

393 393) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды;

394 394) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын енгізу туралы шешім қабылдайды;

395 395) ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;

396

396) ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтардың және тиісті тауарлар мен технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензия беруін келіседі;

397 397) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

398

398) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу мен бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

399 399) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

400 400) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында бақылауды жүзеге асырады;

401 401) атом энергиясын пайдалану саласында экспорттық бақылауды жүзеге асырады;

402 402) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;

403

403) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

404 404) атом энергетикасы, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін үйлестіреді;

405 405) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтардың мониторингі бойынша зерттеулерді ұйымдастырады;

406 406) атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;

407 407) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізеді;

408 408) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

409 409) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

410 410) жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту туралы хабарлама нысандарын әзірлейді және бекітеді;

411 411) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

412 412) электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып аукционды өткізу тәртібін айқындайды;

413 413) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

414 414) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

415 415) көмірсутектерді барлау мен өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

416 416) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша Мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;

417 417) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуын қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

418 418) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

419 419) мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

420 420) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекітеді;

421

421) көмірсутектерге және уранды өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үйлестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

422 422) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну нысандары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

423 423) тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды;

424

424) тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

425 425) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

426 426) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайды өлшеу және салмақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

427 427) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

428 428) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

429 429) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;

430 430) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасы нысандарының мазмұнын әзірлейді және бекітеді;

431 431) табиғи нысандағы міндеттемелерді орындау қағидаларын әзірлейді;

432

432) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

433

433) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу жөніндегі айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

434

434) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын осы салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

435 435) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

436 436) жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге өткізуді жүзеге асыруды келіседі;

437 437) өз құзыреті шегінде көмірсутектер саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

438 438) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану және уран өндіру жөніндегі операцияларды реттейді;

439 439) көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

440 440) мұнайды және шикі газды өндіру мен олардың айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізеді;

441 441) уран өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

442 442) мемлекеттің басым құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

443 443) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындайды;

444 444) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшартты бекітеді;

445 445) электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

446 446) электр станцияларының тізбесін бекітеді;

447 447) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

448

448) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

449 449) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

450 450) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

451 451) Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және қайта бекітеді;

452 452) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

453 453) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік субсидиялардан экономикалық әсерді айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

454 454) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;

455

455) қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқауларды қажет болған жағдайларда шығарады;

456 456) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;

457 457) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

458 458) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

459 459) өздеріне қатысты Министрлік басқару органы болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

460 460) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

461 461) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

462 462) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

463 463) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

464 464) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;

465 465) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді, бекітеді және келіседі;

466 466) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салаларының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін әзірлейді және бекітеді;

467 467) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

468 468) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16 16. Министрлікті басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.

17 17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18 18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

19 19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1 1) Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

2 2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3 3) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;

4 4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

5 5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

6 6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;

7 7) ведомстволар актілерінің күшін жояды немесе толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

8 8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

9 9) тиісті Үкімет шешімі қабылданған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет тікелей және жанама қатысатын, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіреді;

10 10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

20 20. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

21 21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

22 22. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

4 4-тарау. Министрліктің мүлкі

23 23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24 24. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

25 25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

26 Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1 1. «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.

2 2. «Достық Энерго» акционерлік қоғамы.

3 3. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.

4 4. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

5 5. «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы.

6 6. «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

7 7. «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

8 Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

8. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2 2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті.

4 4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.

5 5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті.

6 6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті.

7 7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

8 8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті.

9 9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

10 10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.

11 11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті.

12 12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.

13 13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті.

14 14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

15 15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

16 16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.

17 17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті.

18 18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.

19 Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.
Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
«Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі.
_________________________

Қолданыстағы