Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қаулы · № 427 · қабылданған 31.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2014-no-994-ekb-182383/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 427 ·31.05.2023
31.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 427 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
427
Қабылданған күні
31.05.2023
Көрсетілген редакция
31.05.2023 182383_635821.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000427
ЭКБ идентификаторы
182383
Редакция идентификаторы
182383_635821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:38

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
106) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«106) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 106-1) және 106-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«106-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
106-2) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;».
134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«134) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын бекітеді;»;
140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«140) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен 1 шілдеден бастап бесжылдық кезеңге бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi және қажет болған кезде жыл сайын 1 шілдеде түзетіп отырады;»;
мынадай мазмұндағы 277-1), 277-2) және 277-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«277-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;
277-2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;
277-3) электр энергиясын көтерме тұтынушылар болып табылатын цифрлық майнерлердің қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 434-1) және 434-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«434-1) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ ұсынылатын деректердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
434-2) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
442) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«442) мемлекеттің басым құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

2 2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы