О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 649
- Қабылданған күні
- 12.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2024 199655_714968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000649
- ЭКБ идентификаторы
- 199655
- Редакция идентификаторы
- 199655_714968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:08
0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын әзірлейді және оны жіберу мерзімдерін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
«61-1) шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 243-4) тармақшамен толықтырылсын:
«243-4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
380) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 397-1), 397-2) және 397-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«397-1) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
397-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;
397-3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;»;
мынадай мазмұндағы 467-13), 467-14), 467-15), 467-16), 467-17), 467-18), 467-19), 467-20), 467-21), 467-22) және 467-23) тармақшалармен толықтырылсын:
«467-13) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;
467-14) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады;
467-15) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
467-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
467-17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;
467-18) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
467-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
467-20) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
467-21) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
467-22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
467-23) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ол белгілеген тәртіппен қызметтің реттелетін салаларындағы ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекітеді;».