О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 19 марта 2015 года № 101 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 19 марта 2015 года № 101 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 101 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 555
- Қабылданған күні
- 18.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2017 98019_174241.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15N0006154
- ЭКБ идентификаторы
- 98019
- Редакция идентификаторы
- 98019_174241
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:00
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 101 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 101 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5567 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қадырбек Оспанов атындағы № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»;
«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны».