Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения»

Қаулы · № 106-1486 · қабылданған 13.07.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-106-1029-ekb-113796/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения» Күшін жойған Қаулы ·№ 106-1486 ·13.07.2017
25.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения»

Күшін жойған Қаулы ·№ 106-1486 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
106-1486
Қабылданған күні
13.07.2017
Көрсетілген редакция
25.11.2024 113796_752092.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ABW01118
ЭКБ идентификаторы
113796
Редакция идентификаторы
113796_752092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:30

0 «Денсаулық сақтау саласындағы

шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорындардағы байқау кеңестері
туралы» Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 106-1029 қаулысына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 921 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі № 80 (3285) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 23 шілдедегі № 80 (3303) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10503 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
10, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 13 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.»;
«21. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Наркология және психотерапия орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
мынадай мазмұндағы 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-тармақтармен толықтырылсын:
«22. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«23. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 11 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«24. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 12 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«25. Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«26. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Достық» отбасылық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«27. Астана қаласы әкімдігінің «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«28. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.»;
«29. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.».

2

2. «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы