О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзігерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 106-911
- Қабылданған күні
- 17.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2024 153863_752090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21A0001314
- ЭКБ идентификаторы
- 153863
- Редакция идентификаторы
- 153863_752090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:12
0 «Денсаулық сақтау саласындағы
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы
байқау кеңестері туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 106-1029 қаулысына өзігерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91709 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыда:
кіріспесінде, барлық мәтіні бойынша және көрсетілген қаулыға қосымшаларда «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) байқау кеңестерінің мүшелеріне кандидаттарды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі – конкурстар) жүргізуді;
2) конкурстарды өткізу шарттарын, уақытын және орнын белгілеуді;
3) конкурстық комиссияны құруды;
4) осы қаулыны, кейін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі (1-қосымша) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі туралы ережеде (2-қосымша):
14-тармақтағы «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 106-911 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 106-1029 қаулысына
1-қосымша
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі