О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Правил содержания общего имущества объекта кондоминиума» и от 20 марта 2015 года № 241 «Об утверждении Типового положения о жилищной инспекции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Правил содержания общего имущества объекта кондоминиума» и от 20 марта 2015 года № 241 «Об утверждении Типового положения о жилищной инспекции»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 және «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 492
- Қабылданған күні
- 06.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2022 171516_593490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029546
- ЭКБ идентификаторы
- 171516
- Редакция идентификаторы
- 171516_593490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:16
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 және «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙРАМЫН:
1 1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларында:
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау және (немесе) қайта жоспарлау кезінде, егер өзгерістер:
тіреуіш және (немесе) қоршау конструкцияларын;
үйге ортақ инженерлік жүйелерді;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін;
пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың функционалдық мақсатын қозғайтын жағдайларда, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі талап етіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мүгедектігі бар адамдардың тұрғынжайға кіруін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.».
2 2. «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10571 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді, траволаторларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.».