Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Правил содержания общего имущества объекта кондоминиума»

Бұйрық · № 695 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-108-ekb-151263/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Правил содержания общего имущества объекта кондоминиума» Қолданыста Бұйрық ·№ 695 ·30.12.2020
30.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Правил содержания общего имущества объекта кондоминиума»

Қолданыста Бұйрық ·№ 695 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Правил содержания общего имущества объекта кондоминиума»
Атауы (қаз.)
«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
695
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
30.12.2020 151263_502366.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000022026
ЭКБ идентификаторы
151263
Редакция идентификаторы
151263_502366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:15

0 «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларында:
20-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру тәртібі
20-1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы заңды тұлға құрылған не жай серіктестік құрылған кезден бастап немесе кондоминиум объектісін басқару нысаны өзгерген кезде 3 жұмыс күні ішінде үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативіне, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативіне, тұтыну кооперативіне, сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғаларға – тұрғын үйлерді басқарушыларға (менеджерлерге) не осындай үйді басқаратын заңды тұлғаларға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
20-2. Заңның 42-1-бабында көзделген басқарудың бір нысанынан басқарудың басқа нысанына ауысқан жағдайда 3 жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына мүліктің меншік иелерінің бірлестігін құру туралы немесе жай серіктестік құру туралы не кондоминиум объектісін басқару нысанын өзгерту туралы хабарлама жіберіледі.
20-3. Осы Қағидалардың 20-2-тармағында көзделген хабарламада пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған кондоминиум объектісін басқару нысанының атауы және кондоминиум объектісінің орналасқан жері қамтылуға тиіс.
20-4. Хабарламаны алған сәттен бастап, сондай-ақ осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген хабарламаны жіберген адам 3 жұмыс күні ішінде бірлесіп осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-беру актісін жасайды.
Үй кеңесіне немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына не жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасына кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісіне қол қойылғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
20-5. Беруге жататын кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманың және өзге де техникалық құралдардың сандық және (немесе) сапалық құрамы бойынша орын алған келіспеушіліктер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісінде көрсетіледі.
20-6. Осы Қағидалардың 20-1-тармағында көрсетілген тұлғаларға ағымдағы шоттан кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға көзделген қаражатты Заңның 42-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бекітілген шығыстар сметасында көрсетілмеген өзге де мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.»;
Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

1 ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 695
1-қосымша
Кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін күтіп-ұстау
қағидаларына 3-қосымша
ХАБАРЛАМА
қ._______________ жылғы «__» ______________
Кімге:________________________
(кондоминиум объектісін басқару
нысанының атауы, Т.А.Ә.
(болған жағдайда), мекенжайы
Осы арқылы Сізге көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің 2020 жылғы «___» ______________ мынадай мекенжай бойынша: ________________________________ өткен жиналысында (№___ хаттама) көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін «Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі/жай серіктестік» құрылғанын, ол заңда белгіленген тәртіппен қаланың/ауданның аумақтық әділет органында тіркелгенін (тіркеу құжатының көшірмесі қоса беріліп отыр) не тұрғын үй инспекциясының тізілімінде тіркелгенін хабарлаймыз.
Жоғарыда баяндалғанға сәйкес, Сізден қабылдап алу-беру актісі жасалған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беруді қамтамасыз етуді сұраймыз.
МИБ төрағасы/
ЖС-ның сенім білдірілген
адамы
(қолы, тегі,
аты-жөні)
Үй кеңесінің мүшесі
(қолы, тегі, аты-жөні)
Үй кеңесінің мүшесі
(қолы, тегі, аты-жөні)
Үй кеңесінің мүшесі
(қолы, тегі, аты-жөні)

2 _________________________________ мекенжай бойынша орналасқан кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-беру актісі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 695
2-қосымша
Кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін күтіп-ұстау
қағидаларына 4-қосымша
қ._______________ жылғы «____» ____________
_________________________________ мекенжай бойынша орналасқан кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-беру актісі
Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі, пәтерлер, тұрғын
емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативі, тұтыну кооперативі,
сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалар – тұрғын үйлерді басқарушы
(менеджерлер) не заңды тұлғалар, осындай үйді басқарушы, мүліктің
меншік иелері бірлестігінің төрағасы/жай серіктестіктің сенімді адамы
_______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
атынан ______________________________ негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________
береді, ал ______________________________ (меншік иелері уәкілеттік берген
тұлға) пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы
жиналысының шешіміне сәйкес __ жылғы ________________ №_________ хаттама
бойынша кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мынадай құжаттарды
қабылдайды: ____________________________________________________

Ата­уы
Бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­дың са­ны
тап­сыр­ды
қа­был­да­ды
түп­нұс­қа
но­та­ри­ал­дық кө­шір­ме
түп­нұс­қа кө­шір­ме­сі
ксе­ро­кө­шір­ме
1.
Тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма
1.1
Құ­жат­та­ма:
1.1.1
- тех­ни­ка­лық пас­порт­тар
1.1.2
- экс­пли­ка­ци­я­лар
1.1.3
- әр қа­бат­тың жос­па­ры
1.2
Ин­же­нер­лік ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың сыз­ба­ла­ры мен схе­ма­ла­ры
1.3
Ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­тар­дың схе­ма­ла­ры
1.4
Электр жаб­дық­та­ры­ның схе­ма­ла­ры
1.5
Са­ни­та­ри­я­лық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­дың схе­ма­ла­ры
1.6
Үй­де­гі бір үй-жай­ға қыз­мет көр­се­те­тін өзге де жаб­дық­тар­дың схе­ма­ла­ры
1.7
Ре­сур­стар­ды есеп­ке алу­дың үй­ге ор­тақ ас­пап­та­рын ор­на­ту және пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау схе­ма­ла­ры мен ак­ті­ле­рі
1.8
Ин­же­нер­лік, элек­тр­лік, ме­ха­ни­ка­лық, са­ни­та­ри­я­лық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­ға пас­порт­тар және т. б.
1.9
Ин­же­нер­лік электр­мен жаб­дық­тау, суық және ыстық су­мен жаб­дық­тау, су бұ­ру, жы­лу­мен жаб­дық­тау, га­з­бен жаб­дық­тау же­лі­ле­рі­нің ре­сур­сты жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­дар­мен пай­да­ла­ну жа­у­ап­кер­ші­лі­гін шек­теу ак­ті­ле­рі
1.10
Қу­ат­тар­ды энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ның же­лі­сіне қо­су­ға рұқ­сат бе­ру
1.11
Үй құ­ры­лы­сы жү­зе­ге асы­ры­л­ған қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­на ұсы­ны­ла­тын ат­қа­ру­шы және жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы
1.12
Же­ке­ле­ген кон­струк­тив­тік эле­мент­тер­ді (ша­тыр­лар, қор­шау кон­струк­ци­я­ла­ры және т. б.) қа­рау ак­ті­ле­рі)
1.13
Жер учас­ке­сіне мем­ле­кет­тік акт
1.14
Мін­дет­ті қо­сым­ша­ла­ры бар объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі
1.15
Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік есеп­ке алу жө­нін­де­гі ти­іс­ті ұй­ым (ор­ган) ку­әлан­дыр­ған жер учас­ке­сі­нің бө­лі­гіне жа­та­тын серви­тут­тың қол­да­ны­лу са­ла­сы (ше­ка­ра­сы) бел­гі­лен­ген жос­пар­мен қо­са бе­рі­л­ген серви­тут­тың маз­мұ­ны мен са­ла­сы көр­се­ті­ле­тін құ­жат­тар
1.16
көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­дің тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­та­ры­ның пас­порт­та­ры (пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар)
1.17
Ор­тақ мү­лік­ті күр­де­лі жөн­деу бой­ын­ша жұ­мыстар­дың нәти­же­ле­рін қа­был­дау ту­ра­лы құ­жат­тар (ак­ті­лер) (болған кез­де)
1.18
Жал­пы мү­лік­ті ағым­да­ғы жөн­деу бой­ын­ша жұ­мыстар­дың нәти­же­ле­рін қа­был­дау ту­ра­лы құ­жат­тар (ак­ті­лер)
1.19
Жа­сы­рын жұ­мыстар­ды ку­әлан­ды­ру ак­ті­ле­рі
1.20
Шу мен ді­ріл­ді өл­шеу хат­та­ма­сы
2.
Өзге құ­жат­та­ма
2.1
Үй­де­гі ор­тақ мү­лік­ті кү­тіп-ұстау және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту са­па­сы мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша жа­з­ба­ша өті­ніш­тер­дің, ша­ғым­дар­дың және ұсы­ны­стар­дың кө­шір­ме­ле­рі, бе­рі­л­ген күн­ге өзек­ті
2.2
Бе­ру күн­гі өзек­ті, үй­де­гі ор­тақ мү­лік­ті ұстау және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді ұсы­ну са­па­сы мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өті­ніш­тер­ді, ша­ғым­дар мен ұсы­ны­стар­ды есеп­ке алу жур­на­лы (кі­та­бы)
2.3
Ең­бек жал­дау шар­ты
2.4
Үй­ді мау­сым­дық пай­да­ла­ну­ға дай­ын­дау ак­ті­ле­рі, пас­порт­тар
2.5
Үй­ді бас­қа­ру­ға бер­ген сәт­ке дей­ін бар тұр­ғын үй ин­спек­ци­я­сы­нан ес­кер­ту­лер мен бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ак­ті­ле­рі
2.6
Үй­дің ор­тақ мүл­кіне жа­та­тын ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды бе­ру жө­нін­де­гі ак­ті­лер (өрт шланг­та­ры, шы­рақ­тар, қап­та­ма­лар, ан­шлаг­тар, нө­мір­лік бел­гі­лер, по­шта жә­шік­те­рі және т. б.)
2.7
Ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді ұсы­на­тын ұй­ым­дар­мен кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін кү­тіп-ұста­у­ға ар­нал­ған ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ту­ра­лы жа­сал­ған шар­ттар­дың кө­шір­ме­ле­рі
2.8
Сер­ви­стік қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­мен қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы жа­сал­ған шар­ттар­дың кө­шір­ме­ле­рі
2.9
Бас­қа­ру­шы неме­се бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­мен шар­ттар
2.10
Қар­жы­лық құ­жат­та­ма (ба­стап­қы есеп­ке алу құ­жат­та­ры, қар­жы­лық есеп­ті­лік, ағым­да­ғы шот бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ға бай­ла­ны­сты құ­жат­тар), сон­дай-ақ қар­жы­лық құ­жат­та­ма­ның кө­шір­ме­ле­рі
2.11
Жи­нақ шо­тын­да болған кез­де, сон­дай-ақ ны­са­на­лы жар­на­лар­ды жи­нау ке­зін­де ақ­ша қа­ра­жа­ты (жи­на­лы­стың ше­ші­мі бой­ын­ша)
2.12
Жи­на­лыс хат­та­ма­ла­ры, да­уыс бе­ру па­рақ­та­ры
2.13
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру және кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін кү­тіп-ұстау бой­ын­ша көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­ді қа­был­дау ак­ті­ле­рі­нің кө­шір­ме­ле­рі
2.14
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін үй-жай­лар­дың кі­лт­те­рі
2.15
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін жаб­дық­тар­ға қол жет­кі­зу­дің элек­трон­дық код­та­ры
2.16
Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру және кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті өзге де тех­ни­ка­лық құ­рал­дар мен жаб­дық­тар
2.17
Ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындыс­ын ал­ған көп пәтер­лі тұр­ғын үй­дің жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы­ның (сме­та­лық бө­лім­сіз) жо­ба­лау ұй­ы­мы ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­ле­рі
Та­рап
______________________________
(ата­уы)
Ме­кен­жайы:
______________________________
______________________________
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де)
Қо­лы ____________________________
Та­рап
______________________________________
(ата­уы)
Ме­кен­жайы:
______________________________________
______________________________________
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де)
Қо­лы ___________________

Қолданыстағы