О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 января 2015 года № 14 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля акимата Костанайской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 января 2015 года № 14 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля акимата Костанайской области"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 09.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2016 89756_138528.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15N0005601
- ЭКБ идентификаторы
- 89756
- Редакция идентификаторы
- 89756_138528
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:33
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоғарыда бекітілген қаулы туралы ережеде:
16-тармақ келесі мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
4-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
4-3) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;».