Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 января 2015 года № 14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно - строительного контроля акимата Костанайской области»

Қаулы · № 125 · қабылданған 24.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-14/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 января 2015 года № 14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно - строительного контроля акимата Костанайской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 125 ·24.03.2016
30.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 января 2015 года № 14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно - строительного контроля акимата Костанайской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 125 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 января 2015 года № 14 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно - строительного контроля акимата Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
24.03.2016
Көрсетілген редакция
30.12.2016 100953_138524.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16N0006256
ЭКБ идентификаторы
100953
Редакция идентификаторы
100953_138524
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:58

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112.»;
16-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
3) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-4), 4-5), 4-6), 4-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-4) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
4-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
4-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
4-7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы