О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 19 мая 2015 года № 142/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области архитектуры и градостроительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 19 мая 2015 года № 142/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области архитектуры и градостроительства»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 142/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 163/4
- Қабылданған күні
- 26.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2020 103464_495611.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005145
- ЭКБ идентификаторы
- 103464
- Редакция идентификаторы
- 103464_495611
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:01
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
«Сәулет және қала құрылысы
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
№ 142/5 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 142/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4543 болып тіркелді, 2015 жылғы 3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің бүкіл мәтіні бойынша:
«Халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.