Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 «Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса»

Бұйрық · № 312 · қабылданған 26.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-18-04245-ekb-113740/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 «Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса» Қолданыста Бұйрық ·№ 312 ·26.07.2017
26.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 «Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 312 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 «Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса»
Атауы (қаз.)
«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
312
Қабылданған күні
26.07.2017
Көрсетілген редакция
26.07.2017 113740_207073.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015406
ЭКБ идентификаторы
113740
Редакция идентификаторы
113740_207073
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:24

0

«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларында:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41.Конкурсқа бекітіп беру мақсаттарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыру негізінде балық шаруашылығын жүргізудің мына түрлері:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) КТБШ;
4) шарбақта балық өсіру шаруашылығы үшін перспективалы деп танылған резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шығарылады.
Биологиялық негіздемеге және Заңның 9-бабынаң 1-тармағының 77-4) тармақшасына сәйкес бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес шарбақта балық өсіру шаруашылығын жүргізу басқа барлық бекітілген барлық шаруашылығы су айдынында және (немесе) участкесінде балық шаруашылығын жүргізудің белгіленген түрлеріне қарамастан рұқсат етіледі.
Паспорттандыру негізінде конкрустық өтінім осы Қағидаларда көзделген балық шаруашылығын жүргізудің әрбір түрі үшін қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.»;
47, 48, 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Конкурстық өтінім:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінішті (түпнұсқа);
2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);
Конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің Конкурсқа қатысушының банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша уақытында төленбеген берешектің жоқ екені туралы қағаз тасығыштағы қол қойылған және мөр басылған, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген анықтаманың түпнұсқасын (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдың немесе бөлімшенің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда бұл анықтаманы осындай банктердің әрқайсысы береді);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша барлық бекітіліп берілетін мерзіміне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (түпнұсқа);
балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес аумақтық бөлімшелерден алынатын қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін);
Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мыналарды жүзеге асыру үшін:
бақылау үшін аулауды – ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа) қамтиды.
48. Бір Конкурстың шегінде қатысушы екі және одан да көп су айдынына және (немесе) учаскесіне бірнеше өтінім берген жағдайда мәлімделетінтоңазытқыш қуаттылықтарының, технологиялық жабдықтардың, көліктің, аулау құралдарының санын, қаржы қаражатының мөлшерін Конкурсқа қатысушы өтінім берілетін су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша бөледі.
49. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты өтінімге, осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қосымша беріледі:
1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:
осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау және өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама) (түпнұсқа);
Ескертпе: *өңдеу осытармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген су айдындары үшін балық шикізатын өңдеуді (оның ішінде термикалық өңдеуді) білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.
Қатысушы негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама берген кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу бойынша өтінім жасалған технологиялық жабдықтардың қуаты балық шаруашылығы учаскесінің немесе су айдынының әлеуетті қуатынан кем болмауға тиіс, ол мына формула бойынша анықталады:
V=VL/SY, мұнда:
SY –су айдынындағы учаскелердің соңғы 3 жылдағы орташа саны;
VL – су айдынында балық ресурстарын аулаудың белгіленген лимитінің соңғы үш жылдағы орташа көлемі;
SY – мына формула бойынша анықталады:
SY=(Y1+Y2+Y3) /3, мұнда:
Y1, Y2, Y3 – су айдынындағы балық шаруашылығы учаскелерінің Конкурсөткізужылыныңалдындағыүшжылдағысаны.
VL мына формула бойынша анықталады:
VL=(L1+L2+L3) /3, мұнда
L1, L2, L3 – Конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылда аулаудың заңнамаға сәйкес белгіленген лимиттері.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы үзінді(көшірме);
кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның санаты немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөніндекеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің экспорты үшін есеп нөмірінің болуы туралы растама (көшірме);
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (жеке тұлғалар үшін);
заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);
2) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
конкурстық өтінімдер салынған (көшірме) конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы үзінді (көшірме).
Ескертпе: * «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі – «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заң) 16-бабының 5 және 6-тармақтарына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – «Ішкі су көлігі туралы» Заң) 26-бабының 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме кеме кітабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын құжат (еркін түрде жазылған анықтама) беріледі;
кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның сыныбы немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөніндекеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (жеке тұлғалар үшін);
заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);
3) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында жергілікті маңызы бар балықтардың қырылып қалу қаупі төнген су айдындары мен (немесе) учаскелері үшін:
осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – мелиорациялық жұмыстар жүргізу туралы анықтама) (түпнұсқа);
4) ащы-тұзды су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
жинау және бастапқы өңдеуден өткізу үшін меншігінде құралдардың болуы туралы құжаттар (көшірме);
осы Қағидаларға 6-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мақсатты (су омыртқасыздарын, салина артемиясы мен оның цисталарын терең өңдеуді дамытуды) экономикалық негіздеу бойынша бизнес-жоспар;
балық және басқа да су жануарларын өңдеу саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
жергілікті жағалау маңындағы аудандарда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жұмыс орындарын құру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттеме (түпнұсқа);
балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан ауданда іске асыруға жұмсалатын қаржы қаражаты көрсетілген жоспарланған әлеуметтік іс-шараларды іске асыру бойынша өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттеме (түпнұсқа);
Конкурсқа қатысушының негізгі құрал-жабдықтарға меншік құқығын растайтын, артемия цисталарын өңдеуге арналған технологиялық жабдықтарға жұмсалған қаражат көлемінкуәландыратын құжаттар (болған жағдайда);
артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологияларды беру және енгізу жөнінде жеке немесе заңды тұлғалармен (бұдан әрі – әріптес)жасалған және Конкурсқа қатысушы әріптесінің оларды пайдалану құқығын Конкурсқа қатысушыға бере отырып, оларды Қазақстан Республикасы аумағында енгізу бойынша міндеттемесі бар шарт (көшірмесі). Шартқа әріптестің келесі құжаттары қоса беріледі:
Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе әріптестің ұлттық заңнамасына (егер әріптес шетелдік болса) сәйкес заңды тұлға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъект ретінде мемлекеттік тіркелуін растайтын куәлік және (немесе)өзге де құжат;
Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе әріптестің ұлттық заңнамасына (егер әріптес шетелдік жеке немесе заңды тұлға болса) сәйкесартемия цисталарын өңдеу саласындағы жұмыс тәжірбиесін растайтын құжат;
Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе әріптестің ұлттық заңнамасына (егер әріптес шетелдік жеке немесе заңды тұлға болса) сәйкес артемия цисталарын және су омыртқасыздарын өндіруді, өңдеуді, сақтауды нысаналы мақсат еткен жылжымайтын мүліктіңменшік құқығында бар екенін растайтын құжат;
5) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
жеке меншігінде немесе жалдау құқығында өтінім жасалғанбалық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);
әуесқой балық аулаушылар қауымдастығындағы мүшелігін растайтын құжат (болған жағдайда);
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен үзінді* (көшірме).
Ескертпе:* «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы 16-бабының 5 және 6-тармақтарына және «Ішкі су көлігі туралы» Заңы 26-бабының 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме кітабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда кемені, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын құжат (еркін түрде жазылған анықтама) беріледі;
кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның сыныбы немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөнінде кеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);
балық шаруашылығы және туризм саласында мамандардың болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері);
қатысушының жеке меншігінде автомобиль көлігінің немесе арнайы техниканың (кунг, тұрғын тіркемелер, квадроцикылдар және (немесе) қаршаналар болуын растайтын құжаттар (көшірме);
аулау құралдарының болуы туралы мәліметтер (көшірме);
6) КТБШ үшін:
ғылыми ұсынымдар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде үш жылдан аспайтын мерзімге арналған және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);
балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
7) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы үшін:
шарбақтық балық өсіру шаруашылығын құру бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың және (немесе) оларды сатып алуға арналған ниет-шартының болуын растайтын құжаттар (көшірмесі);
балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
меншік құқығында тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру және оны тасымалдау өндірісінің болуын растайтын құжаттар (тірі балық тасу машиналары) (көшірме).»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Осы Қағидалардың 43, 44, 47, 48 және 49-тармақтарының талаптарына сәйкес құжаттар болмаған не тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы Конкурс шарттарына сәйкес келмейді деп танылады.»;
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Егер Конкурс өтінімдердің болмауы себепті не Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себепті өтпеді деп хабарланса, қайталама Конкурс өткізіледі, онда:
1) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдеріжүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері және басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірмесі);
2) ащы-тұзды су айдындары үшін түпкілікті өңдеу және сақтау үшін жабдықтарды жалға алуға;
3) КТБШ үшін балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірмесі);
4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жүзу құралдарын және автомобиль көлігі мен арнайы техниканы (кунг, тұрғын тіркемелер, квадроциклдер және (немесе) қаршаналарды) жалға алуға болады, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің меншік құқығында болмауы не жалға алынбауы керек.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыру үшін негізгі құрал-жабдықтардың жалға алынуын растайтын құжаттарберілгенжағдайларда жалға алу мерзімі су айдынын (учаскесін) бекітіп беру жоспарланған мерзімінен кем болмауы тиіс.
59. Егер Конкурс өтінімдердің болмауы себепті не конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себепті өтпеді деп қайта хабарланған жағдайда Конкурс өткізіледі, онда:
1) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері және басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, тасымалдау және өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірме);
2) ащы-тұзды су айдындары үшін өңдеу және сақтау үшін жабдықтарды және бастапқы өңдеу үшін құралдарды жалға алуға болады (көшірме).»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі № 4 хаттамаға қол қойылған немесе ведомство өткізген Конкурстың Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі № 4 хаттаманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде облыстың немесе ауданның әкімшілік шекаралары шегіндегі балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін Конкурс жеңімпазына бекітіп беру туралы шешім шығарады.»;
көрсетілген Қағидаларға 6-1 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларғасәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 6-3-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестиция және даму министрі
____________ Ж. Қасымбек
27 шілде 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
____________ Т. Савельева
27 шілде 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
28 шілде 2017 жыл

1 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
1-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына
6-1-қосымша
Нысан
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама*
р/с

Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
Кә­сіп­ші­лік ба­лық аула­уды жүр­гі­зу мақ­са­тын­да
1.
Есеп­тік нө­мі­рі №________көр­се­ті­л­ген ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы және бас­қа­да су жа­ну­ар­ла­ры­ның өні­мін то­ңа­зы­ту­ға, мұз­да­ту­ға сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар
тон­на
2.
Есеп­тік нө­мі­рі №________көр­се­ті­л­ген ба­лық­ты және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын те­рең (түп­кі­лік­ті) өң­де­у­ге ар­нал­ған цех­тар
тон­на/тәу­лік
3.
Та­сы­мал­дау (ба­лық аулау) фло­ты, оның ішін­де:
1) қу­а­ты 40 ат кү­ші және одан жо­ға­ры өзді­гі­нен жү­ре­тін (тұ­рақ­ты қоз­ғалт­қы­шы бар)
бір­лік
2) ша­ғын кө­лем­ді, оның ішін­де өзді­гі­нен жү­ре­тін, ас­па­лы қоз­ғалт­қы­шы бар
бір­лік
4.
Аулау құ­рал­да­ры, оның ішін­де(ащы-тұз­ды су ай­дын­да­ры­нан және (неме­се) учас­ке­ле­рі­нен бас­қа):
1) сүзе­кі
да­на
2) құр­ма ау, қа­ба­да
да­на
5.
Ар­те­мия қа­бығы мен ци­ста­ла­ра­у­лау(жи­нау) құ­рал­да­ры, оның ішін­де**:
1) қа­ра­пай­ым (тор­лы дор­ба­лар, шө­міш­тер,жал­пақ кү­рек­тер)
да­на
2) қа­зір­гі за­ман­ғы (тұ­з­ақ­ты ес­пе ке­ме­лер, бон­дар, ским­мер­лер)
да­на
6.
Та­у­ар­лы ба­лық өсі­ру­ге ар­нал­ған­шар­бақ­тар, қу­а­ты (ащы-тұз­ды су ай­дын­да­ры­нан және (неме­се) учас­ке­ле­рі­нен бас­қа)
тон­на/жыл
жы­лы­на 100 тон­на­ға дей­ін
жы­лы­на 100 тон­на­дан жо­ға­ры
7.
Бас­қа­ла­ры(көр­се­ту)
Әу­ес­қой­лық (спорт­тық) ба­лық аула­уды жүр­гі­зу мақ­са­тын­да
1.
Аулау құ­рал­да­ры, әу­ес­қой­лық (спорт­тық) ба­лық аула­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін
да­на
2.
Же­ңіл құ­ра­ла­тын құ­ры­лыс (ша­тыр, күр­ке және бас­қа­ла­ры)
да­на
3.
Ар­найы тех­ни­ка­ны(кунг, тұр­ғын­тір­ке­ме­лер, квад­ро­цик­л­дер және (неме­се) қар­ша­на­лар) қо­са ал­ған­да, ав­то­кө­лік
да­на
4.
Құт­қа­ру құ­рал­да­ры­мен жа­рақ­тан­ған жү­зу кө­лі­гі
да­на
Ескертпе:
* – бекітіліп жатқанбалық шаруашылығы су айдынында және (немесе) участкесінде балық шаруашылығын жүргізудің түрлеріне байланыстыт барлық тиісті бағандар міндетті түрде толтырылу керек;
** –ащы-тұзды су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде толтырылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Толтыру күні_____________ Өтінім беруші _______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
немесе ұйымның атауы)
Мөр орны
(Бар болса)
қолы ______________

2 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
2-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және
(немесе) учаскелерiн бекiтiп беру
жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру кезінде және (немесе) кәсіпшілік балық аулау үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Қатысушы___________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) участкесі __________________
р/с №
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші
Көр­сет­кіш­тер кө­ле­мі неме­се са­ны
50 балл­дық жүйе бой­ын­ша ба­ға­лау
Қа­ты­су­шы­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы
1.
Әу­ес­қой­лық (спорт­тық) ба­лық аула­уды да­мы­ту­ға жос­пар­лан­ған қа­ра­жат кө­ле­мі, мың тең­ге
5
2.
Та­у­ар­лы ба­лық өсі­ру үшін шар­бақ­тар­дың бо­луы, қу­а­ты:
жы­лы­на 100 тонн­ға дей­ін
10
жы­лы­на 100 тон­на­дан және жо­ға­ры
20
3.
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рін да­мы­ту жос­па­ры­на сәй­кес өсі­мін мо­лай­ту іс-ша­ра­ла­ры­на жос­пар­лан­ған кө­лем (мың да­на)
10
4.
Ба­лық аулау өні­мін сал­қын­да­ту, мұз­да­ту және сақ­тау үшін ыдыс­тар­дың бо­луы, тон­на
5
5.
Ба­лық­ты­те­рең өң­де­у­ге ар­нал­ған цех­тар мен жаб­дық­тар­дың бо­луы, тон­на/тәу­лік
15
6.
Та­сы­мал (ба­лық аулау) фло­ты­ның бо­луы, оның ішін­де:
1) өзді­гі­нен жү­ре­тін (ста­ци­о­нар­лық қоз­ғалт­қы­шы бар), 40 ат кү­ші бар және одан жо­ға­ры (бір­лік)
3
2) ша­ғын кө­лем­ді, оның ішін­де өзді­гі­нен жүр­мей­тін, ас­па­лы қоз­ғалт­қы­шы бар (бір­лік)
2
7.
Аулау құ­рал­да­ры­ның бо­луы, да­на
5
8.*
Ба­лық өні­мін экс­порт­тау үшін есеп­тік нө­мір­дің бо­луы
10
9.
Же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­ды ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­рын және (неме­се) учас­ке­ле­рін бе­кі­тіп бе­ру жө­нін­де кон­курс өт­кі­зу ор­ны бой­ын­ша заң­ды тір­кеу (ти­іс­ті об­лыс)
15
Жиы­ны:
100
Ескертпе:
* балық өнімдерін экспорттаушылар үшін.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде
рейтингілеу бағасын есептеу парағы
Қатысушы___________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) участкесі___________________
р/с №
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші
Көр­сет­кіш­тер кө­ле­мі неме­се са­ны
50 балл­дық жүйе бой­ын­ша ба­ға­лау
Қа­ты­су­шы­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы
1.
Өті­нім жа­сал­ған ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­ды­ны­на және (неме­се) учас­ке­сіне ір­ге­лес жер учас­ке­сі­нің бо­луы
же­ке мен­шік­те
15
жал­дау құқы­ғын­да
5
2.
Же­ке мен­шік­те аулау құ­рал­да­ры­ның бо­луы
10-нан 50-ге дей­ін
3
50-ден және одан көп
7
3.
Жү­зу құ­рал­да­ры­ның бо­луы, да­на
20
4.
Ар­найы тех­ни­ка­ны (кунг, тұр­ғын тір­ке­ме­лер,квад­ро­цик­л­дер және (неме­се)қар­ша­на­лар) қо­са ал­ған­да, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның са­ны
15
5.
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рін да­мы­ту жос­па­ры­на сәй­кес өсі­мін мо­лай­ту іс-ша­ра­ла­ры­на жос­пар­лан­ған кө­лем (мың да­на)
20
6.
Же­ңіл құ­ра­ла­тын құ­ры­лы­стың бо­луы (ша­тыр, күр­ке және бас­қа­ла­ры)
10
7.
Әу­ес­қой ба­лық аула­у­шы­лар қа­уым­да­стығ­ын­да мү­ше­лік­те бо­лу
5
Жиы­ны:
100
Кәсіпшілік балық шаруашылығыүшін ащы-тұзды су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде рейтингілеу
бағасын есептеу парағы
Қатысушы ___________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі ____________________
р/с №
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші
Көр­сет­кіш­тер кө­ле­мі неме­се са­ны
50 балл­дық жүйе бой­ын­ша ба­ға­лау
Қа­ты­су­шы­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы
1.
Ар­те­мия ци­ста­ла­рын өн­де­у­ге ба­ғыт­тал­ған тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар­ға са­лын­ған қа­ра­жат кө­ле­мі (мың тең­ге)
10
2.
Ар­те­мия ци­ста­ла­рын те­рең (түп­кі­лік­ті) өң­деу са­ла­сын­да­тех­но­ло­ги­я­лар ен­гізу­ге, тех­но­ло­ги­я­лық және тех­ни­ка­лық қай­та жа­рақ­тан­ды­ру­ға жос­пар­лан­ған қа­ра­жат кө­ле­мі (мың тең­ге)
30
3.
Ар­те­мия қа­бық­та­ры­нан азық өн­ді­ру үшін тех­но­ло­ги­я­лар қол­да­ну­ға са­лу­ға жос­пар­лан­ған қа­ра­жат кө­ле­мі (мың тең­ге)
20
4.
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­ды­ны және (неме­се) учас­ке­сі ор­на­лас­қан жер бой­ын­ша өңір­ді әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­мы­ту­ға ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш)
25
5.
Ар­те­мия қа­бық­та­ры мен ци­ста­ла­рын жи­нау үшін аулау құ­рал­да­ры­ның (жаб­дық­тар­дың) бо­луы
қа­ра­пай­ым (тор­лы дор­ба­лар, шө­міш­тер, жал­пақ кү­рек­тер)
5
қа­зір­гі за­ман­ғы (тұ­з­ақ­ты ес­пе ке­ме­лер, бон­дар, ским­мер­лер)
10
Жиы­ны:
100
Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру кезінде рейтингілеу бағасын есептеу парағы
Қатысушы ___________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі____________________
р/с №
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші
Көр­сет­кіш­тер кө­ле­мі неме­се са­ны
50 балл­дық жүйе бой­ын­ша ба­ға­лау
Қа­ты­су­шы­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы
1.
Мен­ші­гін­де, неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да ба­лық өсі­ру- ме­ли­о­ра­тив­тік тех­ни­ка­ның бо­луы:
50
қа­мыс шал­ғы­ла­ры
10
жер қа­за­тын тех­ни­ка
20
аэра­тор­лар
10
ті­рі ба­лық та­сы­мал­дау үшін ав­то­кө­лікт­ің­ж­әне (неме­се)ың­ғай­лы ыдыс­тар­дың бо­луы
10
2.
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ма­ман­дар­дың бо­луы
20
3.
Ба­лық­тың өсі­мін жа­сан­ды жол­мен мо­лай­ту жө­нін­де­гі тех­но­ло­ги­я­лы­қ­жаб­дық­тар (болған жағ­дай­да)
30
Жиы­ны:
100
Шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру кезінде рейтингтік бағаны есептеу парағы
Қатысушы ___________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі____________________
р/с №
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші
Көр­сет­кіш­тер кө­ле­мі неме­се са­ны
50 балл­дық жүйе бой­ын­ша ба­ға­лау
Қа­ты­су­шы­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы
1.
Қу­а­ты­мен та­у­ар­лық ба­лық өсі­ру үшін шар­бақ­тар­дың бо­луы:
50
жы­лы­на 50 тон­на­ға дей­ін
5
жы­лы­на 50 тон­на­дан 100 тон­на­ға дей­ін
10
жы­лы­на 100 тон­на­дан 1000 тон­на­ға дей­ін
15
жы­лы­на 1000 тон­на­дан және жо­ға­ры
20
2.
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ма­ман­дар­дың бо­луы
10
3.
2 бір­лік­тен кем емес неме­се астам ті­рі ба­лық­ты та­сы­мал­дай­тын ав­то­кө­лік­тер­дің мен/неме­се ың­ғай­лы қал­та­лар­дың бо­луы
20
4.
Су­мен жаб­дық­тай­тын бе­кі­ту­лі қон­дыр­ғы­лар неме­се то­ған­дар
20
Жиы­ны:
100

3 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
3-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығысу айдындарын және (немесе) учаскелерінбекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына
6-3-қосымша
Нысан
Нысаналы мақсатты (су омыртқасыздарын, салина артемиясы мен оның цисталарын терең өңдеуді
дамытуды) экономикалық негіздеу бойынша бизнес-жоспар
р/с

Құ­ры­лым құ­ра­у­шы­ның ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Ес­керт­пе
1.
Жо­ба маз­мұ­ны:
1. Ұсын­ған жо­ба­ның мәні
2. Жо­ба­ның және бо­лжам­ды өнім­нің си­патта­ма­сы
3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы өн­ді­ру­ші­лер бой­ын­ша жал­пы ақ­па­рат
4. Жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар ту­ра­лы ақ­па­рат
5. Жо­ба­ның ор­на­лас­қан же­рі
тәу­лік
2.
Ұй­ым­да­сты­ру жос­па­ры:
1. Пер­со­нал бой­ын­ша жос­пар
2. Контр­агент­тер­мен өза­ра іс-қи­мыл схе­ма­сы
3. Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, ны­сан­да­ры және шар­тта­ры
4. Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру кесте­сі
5. Жо­ба бой­ын­ша жұ­мыстар­дың кесте-жос­па­ры
тәу­лік
3.
Өн­ді­рі­стік жос­пар:
1.Өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­дың си­патта­ма­сы
2. Құ­ры­лы­с­құ­ны­ның есеп-қи­са­бы
3. Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің си­патта­ма­сы
4. Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­дың си­патта­ма­сы
5. Ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар және жи­нақ­та­у­шы­лар
мың тең­ге
4.
Қар­жы жос­па­ры:
1. Ба­стап­қы де­ректер және жо­ра­мал
2. Но­мен­кла­ту­ра және ба­ға
3.Ин­ве­сти­ци­а­лық шы­ғын­дар
4. Ба­стап­қы ай­на­лым қа­ра­жа­ты­на қа­жет­ті­лік
5. Са­лық ауда­рым­да­ры
6.Опе­ра­ци­я­лық шы­ғын­дар (тұ­рақ­ты және ауы­спа­лы)
7. Са­ту жос­па­ры
8.Есеп­тік тү­сім­дер
9.Пай­да мен шы­ғын бо­лжа­мы
10.Ақ­ша қа­ра­жа­ты қоз­ға­лы­сы­ның бо­лжа­мы
11.Жо­ба­ның ти­ім­ді­лі­гін тал­дау
12.Жо­ба­ның ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сі
13. Жо­ба­ның ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
мың тең­ге
5.
Ин­ве­сти­ци­я­лық жос­пар:
1.Ар­те­мия қа­бық­та­ры­нан азық өн­ді­ру­ге ар­нал­ға­нин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну­ға са­лы­на­тын­қа­ра­жат­тың жос­пар­лан­ған кө­ле­мі
2.Ар­те­мия ци­ста­ла­рын те­рең­қай­та өн­деу са­ла­сын­да ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гізу­ге, тех­но­ло­ги­я­лық және тех­ни­ка­лық қай­та жа­рақ­тан­ды­ру­ға жос­пар­лан­ған қа­ра­жат кө­ле­мі
3. Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­ды­ны және (неме­се) участ­ке­сі ор­на­лас­қан жер бой­ын­ша өңір­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­муы­на ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш)
мың тең­ге
6.
Жо­ба тәу­е­кел­де­рін тал­дау:
1.Жо­ба­ның әсе­рін тал­дау
2.Жо­ба­ның за­лал­сыздық нүк­те­сі
Про­цент­тер

4 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 18-04/245 бұйрығына
2-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

1 1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Конкурс):

1

1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы (түпнұсқа немесе көшірме);

2 2) аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандардың болуы (биолог-аңшылық жүргізуші, биолог, аңтанушы);

3 3) Конкурсқа қатысушының қаржылық дербестігі;

4 4) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы.

2 2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

2 2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1 1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

2 2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы;

3 3) конкурсқа қатысушының міндеттемелердің барлық түрлері бойынша банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдында уақыты өтіп кеткен берешектің болмауы.

3 3. Өтінім жасалған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1 1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу жөніндегі негізгі өндірістік құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың қатысушының меншік құқығында болуы;
меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;

2 2) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;
меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;

3 3) ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

жинау және бастапқы өңдеу үшін құралдардың меншік құқығында болуы;
негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;
артемия мен оның цисталарын терең өңдеу саласында жұмыс тәжірибесі бар маманның болуы;

4 4) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

меншік құқығында жүзу құралдарының және автомобиль көлігінің, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес инфрақұрылымы бар жер учаскесінің болуы;

5 5) КТБШ жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

балық шаруашылығы саласында маманның болуы;
меншік құқығында балық өсіру-мелиоративтік техниканың болуы;

6 6) шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың және (немесе) оларды сатып алуға арналған ниет-шартының болуы;
балық шаруашылығы саласында маманның болуы;
тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру өндірісінің және оны тасымалдау құралдарының (тірі балық тасу машиналары) меншік құқығында болуы.

4 4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларының 58 және 59-тармақтарында айтылған жағдайларда қолданылмайды.

4-1 Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына

қосымша
Санаттар бойынша аңшылық шаруашылғын жүргізуге арналған материалдық-техникалық база
р/с №
Тех­ни­ка ата­уы
(бір­лік/мың гек­тар)
Ал­ма­ты, Шы­ғыс Қа­зақ­стан, Жам­был және Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­ста­ры­ның та­у­лы ай­мақ­та­рын­да (бір­лік/мың гек­тар)
Жам­был, Қы­зы­лор­да, Маң­ғы­стау, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­ста­ры­ның шөл­ді ай­мақ­та­рын­да
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­нат­та­ры
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­нат­та­ры
I
II
III
IV
V
I
II
III
IV
V
1
Трак­тор
1/60,0
1/120,0
-
-
-
1/200,0
1/500,0
-
-
-
2
Қо­рап­ты ав­то­ма­ши­на
1/60,0
1/120,0
1/200,0
-
-
1/200,0
1/500,0
-
-
-
3
Ав­то-неме­се мо­то­ци­стер­на неме­се және өрт сөн­ді­ру ма­ши­на­сы(ор­ман­ды ал­қап­тар­да ға­на)
1/100,0
1/200,0
-
-
-
1/200,00
1/500,0
-
-
-
4
Пат­руль­дік ма­ши­на
1/15,0
1/30,0
1/60,0
1/90,0
1/200,0
1/40,0
1/90,0
1/180,0
1/2
70,0
1/6
00,0
5
Мо­то­цикл (ат)
1/5,0
1/15,0
1/30,0
1/50,0
1/200,0
1/30,0
1/90,0
1/200,0
-
-
6
Бен­зин ара­сы (ор­ман­ды ал­қап­тар­да ға­на)
1/5,0
1/10,0
1/20,0
1/40,0
1/60,0
-
-
-
-
-
7
Шал­ғы
1/60,0
1/120,0
-
-
-
1/150,0
1/300,0
-
-
-
8
Плуг
1/60,0
1/120,0
-
-
-
1/150,0
1/300,0
-
-
-
9
Қай­ық
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
10
Қа­мыс шал­ғы­сы*
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
11
Қар­да жү­ре­тін кө­лік**
1/15,0
1/30,0
-
-
-
-
-
-
-
-
кестенің жалғасы
р/с

Тех­ни­ка ата­уы
(бір­лік/ мың га)
бар­лық об­лы­стар­дың ор­ман­ды-да­ла және да­ла ай­мақ­та­рын­да (бір­лік/мың гек­тар)
Бар­лық об­лы­стар­дың су­лы-бат­пақ­ты ал­қап­та­рын­да
(бір­лік/мың гек­тар)
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­нат­та­ры
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­нат­та­ры
I
II
III
IV
V
I
II
III
IV
V
1
Трак­тор
1/200,0
1/500,0
-
-
-
1/100,0
1/200,0
-
-
-
2
Қо­рап­ты ав­то­ма­ши­на
1/200,0
1/500,0
-
-
-
1/100,0
1/200,0
-
-
-
3
Ав­то-неме­се мо­то­ци­стер­на неме­се және өрт сөн­ді­ру ма­ши­на­сы(ор­ман­ды ал­қап­тар­да ға­на)
1/200,0
1/500,0
-
-
-
1/100,0
1/200,0
-
-
-
4
Пат­руль­дік ма­ши­на
1/30,0
1/60,0
1/120,0
1/180,0
1/4
00,0
1/15,0
1/30,0
1/60,0
1/90,0
1/200,0
5
Мо­то­цикл (ат)
1/30,0
1/90,0
1/200,0
-
-
-
-
-
-
-
6
Бен­зин ара­сы (ор­ман­ды ал­қап­тар­да ға­на)
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
7
Шал­ғы
1/150,0
1/300,0
-
-
-
1/150,0
1/300,0
-
-
-
8
Плуг
1/150,0
1/300,0
-
-
-
1/150,0
1/300,0
-
-
-
9
Қай­ық
-
-
-
-
-
1/5,0
1/10,0
1/20,0
1/40,0
1/60,0
10
Қа­мыс шал­ғы­сы*
-
-
-
-
-
1/5,0
1/10,0
1/20,0
1/40,0
1/60,0
11
Қар­да жү­ре­тін кө­лік**
1/30,0
1/60,0
-
-
-
1/15,0
1/30,0
-
-
-
Ескертпе
* су айдынынан қашықтыққа байланысты
** Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда

Қолданыстағы