О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 194 «Об утверждении Перечня товаров (работ, услуг), международные деловые операции по которым подлежат мониторингу сделок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 194 «Об утверждении Перечня товаров (работ, услуг), международные деловые операции по которым подлежат мониторингу сделок»
- Атауы (қаз.)
- «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 866
- Қабылданған күні
- 24.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2024 204804_735610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035524
- ЭКБ идентификаторы
- 204804
- Редакция идентификаторы
- 204804_735610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:29
0 «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 866
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 194 бұйрығымен
бекітілген
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын
халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі
Р/с
№
Халықаралық іскерлік операциялар
I
Мыналарға байланысты операциялар:
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
1.
Мұнай және мұнай өнімдері:
1.1.
Шикі мұнай
2709 00 900
1.2.
Газ конденсаты
2709 00 100
1.3.
Жеңіл дистилляттар (бензин)
2710 12, 2710 12 110 - 2710 12 900, 2710 20 900 0
1.4.
Ауыр дистилляттар (газойлдер)
2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 42 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0
1.5.
Ауыр дистилляттар (мазут)
2710 19 620 1 - 2710 19 680 9, 2710 20 310 1 - 2710 20 390 9
2.
Мұнай газдары:
2.1.
Сұйытылған газ
2711 11 000 0 — 2711 19 000 0
2.2.
Табиғи газ
2711 21 000 0
3.
Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлері
2701
4.
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір
2702
5.
Сутек, инертті газдар және басқа металл еместер
2804
6.
Циклдік көмірсутектер
2902
7.
Бастапқы нысандардағы этиленнiң полимерлерi
3901
8.
Бастапқы нысандардағы пропилен немесе өзге де олефиндердiң полимерлерi
3902
9.
Мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт
2503 00
10.
Түсті металдар:
10.1.
Мыс
7402 00 000 0, 7403 11 000 0 - 7403 29 000 0
10.2.
Қорғасын
7801 10 000 0 - 7801 99 900 0
10.3.
Мырыш
7901 11 000 0 - 7901 20 000 0
10.4.
Өңделмеген алюминий
7601
10.5.
Алюминий сым
7605
10.6.
Тантал және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар
8103
10.7.
Магний және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар
8104
10.8.
Титан және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар
8108
11.
Өзге де бағалы емес металдар:
11.1.
Бериллий, хром, гафний, рений, таллий, кадмий, германий, ванадий, галлий, индий және ниобий (колумбий) және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, олардан жасалатын бұйымдар
8112
12.
Қара металдар:
12.1.
Қара металдар
7204, 7205, 7214 — 7217
12.2.
Ферроқорытпалар
7202
12.3.
Темір немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар
7207
12.4.
Темір немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек
7208-7212
12.5.
Коррозияға төзімді болаттан жасалған тегіс илек
7219-7220
13.
Бағалы металдар:
13.1.
Алтын
7108 11 000 0, 7108 12 000, 7108 13 100 0 - 7108 20 000
13.2.
Күміс
7106 10 000 0, 7106 91 000, 7106 91 000 9, 7106 92 000 0
14.
Рудалар мен концентраттар:
14.1.
Темір
2601
14.2.
Марганец
2602 00 000 0
14.3.
Хром
2610 00 000 0
14.4.
Қорғасын
2607 00 000
14.5.
Мырыш
2608 00 000 0
14.6.
Мыс
2603 00 000 0
14.7.
Бағалы металдардың кендері мен концентраттары
2616
15.
Сирек жер металдары
-
16.
Органикалық емес химия өнімдері:
16.1.
Белгiленген немесе белгiленбеген химиялық құрамның жасанды корунды; алюминий оксидi; алюминий гидроксидi
2818
16.2.
Хром оксидтері мен гидроксидтері
2819
16.3.
Химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар
2844
17.
Бидай және меслин
1001
18.
Мақта:
18.1.
Мақта талшығы
5201 00 100 0, 5201 00 900 0, 5203 00 000 0
19.
Қант
1701
20.
Күріш
1006
21.
Арпа
1003
22.
Бидай немесе бидай-қара бидай ұны
1101 00
23.
Тұқымдар:
23.1.
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған зығыр тұқымдары
1204 00
23.2.
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары
1206 00
24.
Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары
1512
25.
Табиғи кальций фосфаты, табиғи алюминий-кальций фосфаты және фосфатты бор
2510
26.
Екi немесе үш қоректi элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар; өзге де тыңайтқыштар; брутто-массасы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамдардағы тауарлары
3105
27.
Битуминозды жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар
2713
28.
Скандий қосылыстары
2846 90 300 0
II
Өзге де халықаралық іскерлік операциялар
29.
Қарыздар (берілген/алынған)
30.
Құрылыс жұмыстары
31.
Жабдықтарды монтаждау
32.
Маркетингтік қызметтер
33.
Экспедиторлық қызметтер
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
Р/с - Рет санының нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды.