О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 195 «Об утверждении Правил предоставления трансфертов органам местного самоуправления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 195 «Об утверждении Правил предоставления трансфертов органам местного самоуправления»
- Атауы (қаз.)
- «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 587
- Қабылданған күні
- 24.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.01.2020 96936_441651.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012602
- ЭКБ идентификаторы
- 96936
- Редакция идентификаторы
- 96936_441651
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:29
0 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы
19 наурыздағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10704 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларында (бұдан әрі − Қағида):
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады.»;
3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің мәліметтері бойынша жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып;
4) жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің мәліметтері бойынша тиісінше тұрғылықты жері және заңды мекенжайы аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып жергілікті өзін-өзі басқару органдары бөлінісінде салық төлеушілер тізбесін бекітеді.»;
көрсетілген Қағидаға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қараша
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 587 бұйрығына
қосымша
Жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына трансферттерді
беру қағидасына қосымша
Нысан
Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерін пайдалану
нәтижелері туралы
есеп
20__ жылғы 1_____________
Мемлекеттік мекеменің атауы ___________________________________
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық _____________________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Атауы
Жол коды
Бір жылға бекітілген жоспар
Бір жылға нақтыланған жоспар
Жарты жылға жоспар
Іс жүзінде орындалуы
Пайла
ланбаған сома қалдығы
Жарты жылдық жоспарға орындалуы % (б.6/б.5) х100
Жылдық жоспарға орындалуы % (б.6/б.4) х100
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жылдың басына пайдаланылмаған қаражат қалдығы - барлығы
010
Есепті кезеңнің түсімдері, барлығы (021-025 жолдарының сомасы)
020
оның ішінде
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы
021
мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
022
жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы
023
аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы
024
жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан заңды тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы
025
аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы
026
Шығыстар - барлығы
050
Оның ішінде, шығыстардың бағыттары бойынша:
Есепті кезеңнің соңында пайдаланылмаған қаражат қалдығы - барлығы
100
Аудандық маңызы бар қаланың,
ауылдың, кенттің, ауыл округінің
әкімі __________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қаржы қызметінің басшысы __________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Күні _____ж. «__»____________