Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 222 «Об утверждении Правил техники безопасности при эксплуатации электроустановок потребителей»

Бұйрық · № 470 · қабылданған 02.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-222/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 222 «Об утверждении Правил техники безопасности при эксплуатации электроустановок потребителей» Қолданыста Бұйрық ·№ 470 ·02.11.2016
02.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 222 «Об утверждении Правил техники безопасности при эксплуатации электроустановок потребителей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 470 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 222 «Об утверждении Правил техники безопасности при эксплуатации электроустановок потребителей»
Атауы (қаз.)
«Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
470
Қабылданған күні
02.11.2016
Көрсетілген редакция
02.11.2016 108266_129811.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014536
ЭКБ идентификаторы
108266
Редакция идентификаторы
108266_129811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:22

0 «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50- бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10889 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында:
2-тармақтың 18- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жоғары өрмелеу жұмыстары – жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 2 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар, олардың бетінде монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықтармен жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте жұмыс істеушілерді құлап кетуден сақтандыратын негізгі құралдар – сақтандыру арқаны және оны бекіту тәсілі болып табылады;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10987 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар мен мамандар міндетті медициналық қарап тексеруден өтеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
____________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы «____»________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «____»________

Қолданыстағы