Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»

Бұйрық · № 656 · қабылданған 19.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-229-ekb-124811/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)» Қолданыста Бұйрық ·№ 656 ·19.09.2018
19.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 656 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»
Атауы (қаз.)
«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
656
Қабылданған күні
19.09.2018
Көрсетілген редакция
19.09.2018 124811_357035.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017420
ЭКБ идентификаторы
124811
Редакция идентификаторы
124811_357035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:11

0 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) (бұдан әрі – тапсырыс беруші) қызметін және негізгі функцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Жобалау және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс берушінің нақты міндеттері тараптардың келісімімен айқындалады.
Құрылысқа қатысу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен, объектілердің құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушінің функциялары «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) салынған объектіні пайдалануға қабылдау және объектіні қабылдау актісін бекіту;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде тапсырыс берушінің негізгі функциялары»;
11-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мердігерге белгіленген тәртіпте:
онымен келісілген мерзімде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты және осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес тиісті ұйымдардан алынған рұқсатты;
геодезиялық бөлу негізінің құрамында: құрылыс торын, қызыл сызықтарды, ғимараттың (құрылыстың) габаритін анықтайтын бас бөлу остерін, биік қада белгін, инженерлік коммуникациялардың, автожолдардың, электрмен жабдықтау желілерінің, байланыс, су құбыры, кәріз, жылу беру, газдандыру трассаларының бас остерін, ресімделген құрылыс үшін геодезиялық бөлу негіздерін қабылдау актісін;
бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы және құрылысқа қажетті құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген басқа да құжаттарды береді.
Бұл ретте, мердігер өз күшімен не мамандандырылған ұйымды тарта отырып, жұмыстарды жүргізу жобасын (бұдан әрі – ЖЖЖ) әзірлейді. Жұмыстарды жүргізу жобасында (ЖЖЖ) әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген. ЖЖЖ жалпы объектінің құрылысына әзірленеді және жұмыстардың жеке түрлерін орындау жобаларынан тұрады;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылауды және объект құрылысының мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;»;
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалатын жұмыстарды (базистік-индекстік әдіс бойынша) қабылдау актісіне;
осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалатын жұмыстарды (ресурстық әдіс бойынша) қабылдау актісіне;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базистік-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;
осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мердігерден (бас мердігерден) объектіні пайдалануға қабылдаудың дайындығы туралы хабарламаны және атқарушылық құжаттаманың жиынтығын алған тапсырыс беруші Заңның 11-тарауына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады:
1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;
2) сынақтан өткізу және қабылдау кезінде объектінің пайдалану режимін анықтайды;
3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;
4) мердігерден, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан қол қойылған, «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және сәйкестік туралы декларацияны сұратады;
5) сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды негізінде мердігермен, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдармен бірге атқарушылық техникалық құжаттаманы болуы және жинақтылығы (оның ішінде инженерлік-геодезиялық іздестірулер (атқарушылық түсірілім)) мәніне тексереді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша объектіні тексереді және пайдалануға қабылдайды.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды Заңның 74-бабында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында көзделген жағдайларда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) өздігінен жүргiзедi.
6) бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
Объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы авторлық және (немесе) техникалық қадағалау қорытындысын алған кезде тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту үшін жүгінеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды;
7) объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітеді.
Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.
Объектіні пайдалануға берген күннен бастап объектіні күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды тапсырыс беруші көтереді;
8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін бір күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамына объектінің техникалық сипаттамаларын және осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Объектіні пайдаланудың кепілдік мерзімі ішінде тапсырыс беруші мердігермен және пайдаланушы ұйыммен бірігіп объектіні тексеруге қатысады және ақаулар тиісінше пайдаланбау салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, анықталған ақауларды мердігердің немесе оның есебінен жоюды қамтамасыз етеді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Тапсырыс берушінің жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғамен өзара іс-қимылы»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Құрылысты ұйымдастыру жобасында (ҚҰЖ) әзірленетін негізгі құжаттар құрамы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі»
№ 656 бұйрығына
1-қосымша
Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының)
қызметі ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Құрылысты ұйымдастыру жобасында (ҚҰЖ) әзірленетін негізгі
құжаттар құрамы

1 1. Құрылыстың күнтізбелік (объектілі) жоспары, онда негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды салу мерзімдері мен кезектілігі, күрделі салымдарды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін бөлу айқындалады.

2

2. Құрылыстың бас жоспары, онда тұрақты және уақытша ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың, инженерлік желілердің орналасқан жері, электр энергиясы, су, жылу, бу көздерін көрсете отырып, қолданыстағы желілерге уақытша инженерлік коммуникацияларды қосу, сондай-ақ қойма алаңдарын, негізгі монтаждау крандарын және басқа механикаландырылған қондырғыларды, тарату желілерінің бөлу белгілерін, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру орындары көрсетілген.
Егер ұйымдастыру-техникалық шешімдері құрылыс алаңымен жанасатын аумақты қамтитын болса, онда материалдық-техникалық база кәсіпорны, карьерлер, тұрғын кенттері, сыртқы жолдар (олардың ұзындығын және өткізу қабілеттілігін көрсете отырып), темір жолдар, жанасу станциялары, теңіз, өзен айлақтары, байланыс желілер, электр желілер, ағашты кесу және басқа бар объектілер көрсетілген құрылыстың бас жоспарынан басқа, ахуалдық жоспар әзірленеді.

3 3. Ғимараттар мен құрылыстарды салудың оңтайлы жүйелілігін анықтайтын ұйымдастырушылық-технологиялық схемалар.

4 4. Негізгі құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстар көлемдерінің ведомосі.

5 5. Негізгі құрылыс ресурстарын сатып алу/жабдықтау (пунктер, дайындаушы кәсіпорындар, жеткізушілері) көздерін көрсете отырып, уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген құрылыс конструкциялары, бұйымдар, материалдар мен жабдықтар қажеттілігінің ведомосі.

6 6. Уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген негізгі құрылыс машиналары және көлік құралдары қажеттілігінің кестесі.

7 7. Уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген құрылыс кадрлары қажеттілігінің кестесі.

8

8. Түсіндірме жазба, онда құрылыс жағдайларының сипаттамасымен қатар, жұмыс жүргізу және оларды қоса атқару, оның ішінде қысқы жағдайдағы маусымдық сипатта вахталық әдіспен орындалатын жұмыс әдістері негізделеді. Еңбекті қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Негізгі құрылыс машиналары және механизмдері, көлік құралдары, электр энергиясы, бу, су, оттегі, қысылған ауа қажеттілігіне негізделеді.
Кадрлардың, тұрғын үйлердің, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің қажеттілігі, құрылыстың ұзақтығы негізделеді.
Құрылысты ұйымдастыру жобасында мынадай техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі:
құрылыстың, оның ішінде дайындық кезеңінің және жабдықтарды монтаждау кезеңінің жалпы ұзақтығы (аймен);
жұмыскерлердің ең көп саны;
ірілендірілген нормалар бойынша еңбек шығындары ведомосіне енгізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін еңбек шығыны (адам/күн), оның негізінде объектілі күнтізбелік жоспардың есептеу бөлігі жасалады.
ҚҰЖ құрамы мен мазмұны ҚҰЖ жасалуы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыс объектісінің күрделілігін есепке ала отырып, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге байланысты толықтырылады.

2 Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі (базалық-индекстік әдіс бойынша)

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі»
№ 656 бұйрығына
2-қосымша
Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тапсырыс беруші:
__________________________________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Мердігер: ________________________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Құрылыс: _________________________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Объект: __________________________________________________________________
(атауы)
_____________ № _______ мердігерлік шарт (келісімшарт)
Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі
(базалық-индекстік әдіс бойынша)
20__жылғы ____________
________ жұмыстарына
2001 жылғы бағада жасалды
р/с №
Нор­ма­тив по­зи­ци­я­сы­ның шиф­ры және №
Жұ­мыстың және шы­ғын­дар­дың ата­уы, өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Бір­лік­тің құ­ны, мың тең­ге
Жал­пы құ­ны, мың тең­ге
Үсте­ме шы­ғыс-тар, мың тең­ге -------- %
Ең­бек шы­ғын­да­ры, адам са­ғат, құ­ры­лыс­шы жұ­мыс­шы­лар
Бар­лы-ғы
Ма­ши­на­лар­ды пай­да­ла­ну
Бар­лы-ғы
Ма­ши­на-лар­ды пай­да­ла­ну
Ма­ши­на­лар­ға қыз­мет көр­се­те­тін жұ­мыс­шы­лар
құ­ры­лыс­шы жұ­мыс­шы­лар-дың жа­ла­қы­сы
оның ішін­де ма­ши­ни­стер-дің жа­ла­қы­сы
құ­ры­лыс­шы жұ­мыс­шы­лар­дың жа­ла­қы­сы
оның ішін­де ма­ши­нис-тер­дің жа­ла­қы­сы
бір­лі­гі
бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Барлық тікелей шығындар
оның ішінде мыналардың құны:
материалдар, бұйымдар және конструкциялар
жабдықтардың
өзге де шығындар
Үстеме шығыстар:
жалақы
еңбек қажеттілігі
Жиыны:
Сметалық жалақысы
Нормативтік еңбек қажеттілігі
Жиыны, ағымдағы бағаларда:
Салықтар, алымдар, міндетті төлемдер
Жиыны:
Қосылған құн салығы (әрі қарай - ҚҚС):
Барлығы:
Тапсырды (Мердігер)
Қабылдады (Тапсырыс беруші)
_____________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
___________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты,
жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер
немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): ____________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру
нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)

3 Орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісі (ресурстық әдіс бойынша) №___

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі»
№ 656 бұйрығына
3-қосымша
Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша
Нысан
Тапсырыс беруші:
______________________________________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Мердігер: ____________________________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Құрылыс: _____________________________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Объект: ______________________________________________________________________
(атауы)
_____________ № _______ мердігерлік шарт (келісімшарт)
Орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісі
(ресурстық әдіс бойынша)
№___
20___ жылғы __________
________ жұмыстарына
20___ жылға ағымдағы бағада жасалды.
р/с №
Нор­ма­лар­дың шиф­рі, ре­сур­стың ко­ды
Жұ­мыстың және шы­ғын­дар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Бір­лік­тің құ­ны, тең­ге
Жал­пы құ­ны, тең­ге
Үсте­ме шы­ғы­стар, тең­ге
Үсте­ме шы­ғы­стар­мен және сме­та­лық пай­да­мен жиын­тық құ­ны,
тең­ге
Бар­лы­ғы
Ма­ши­на­лар­ды пай­да­ла­ну
Бар­лы­ғы
Ма­ши­на­лар­ды пай­да­ла­ну
Ма­те­ри­ал­дар
құ­ры­лыс­шы жұ­мыс­шы­лар­дың жа­ла­қы­сы
ма­ши­ни­стер­дің жа­ла­қы­сы
құ­ры­лыс­шы жұ­мыс­шы­лар­дың жа­ла­қы­сы
ма­ши­ни­стер-дің жа­ла­қы­сы
жаб­дық, жи­һаз, мүк­әм­мал
сме­та­лық пай­да, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Тапсырды (Мердігер)
Қабылдады (Тапсырыс беруші)
______________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
_____________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру
нөмірі, аттестат №, қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер
немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): ___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру
нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)

4 Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (базалық-индекстік әдіс бойынша)

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі»
№ 656 бұйрығына
4-қосымша
Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының)
қызметін ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тапсырыс беруші:
Мердігер:
Құрылыстың атауы және мекенжайы:
Орындалған құрылыс жұмыстарының құны
және шығындары туралы анықтама
(базалық-индекстік әдіс бойынша)
20__жылғы ____________
Код
Код
Шарт
Қаржыландыру көзі
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны
тапсырыс беруші
мердігер
номері
күні
атауы
коды
атауы
коды
Іс­ке қо­су ке­шен­де­рі­нің, объ­ек­ті­лер­дің ата­уы
Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың құ­ны және шы­ғын­дар, мың тең­ге
ҚҚС (1-ба­ған бой-ын­ша)
Тө-лем­ге бар-лы­ғы
ҚҚС қо­са ал­ған­да, жыл­дың ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай­ға дей­ін
ҚҚС-сыз есеп­ті ай­да (____ үшін)
1-ба­ған­нан
2001 жы­л­ғы ба­за­лық ба­ға дең­гей­ін­де­гі құ­ры­лыс мон­таж­дау жұ­мыста-ры­ның құ­ны
оның ішін­де
2001 жы­л­ғы ба­за­лық ба­ға дең­гей­ін­де­гі ҚМЖ құ­ра­мы­на кір­мей­тін өзге де шы­ғын­дар-дың құ­ны
қо­сым­ша шы­ғын­дар
есеп­ті ай­да
жаб­дық­ты мон­таж­дау бой­ын­ша
ма­те-ри­ал-дар­ды са­тып алу­ға
бас­қа қо­сым­ша шы­ғыс-тар
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Тапсырыс беруші ____________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Мердігер ___________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер
немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): _________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ______________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру
нөмірі, аттестат №, қолы)

5 Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (ресурстық әдіс бойынша)

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі»
№ 656 бұйрығына
5-қосымша
Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының)
қызметін ұйымдастырудың
және функцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
4-1-қосымша
Нысан
Тапсырыс беруші:
Мердігер:
Құрылыстың атауы және мекенжайы:
Орындалған құрылыс жұмыстарының құны
және шығындары туралы анықтама
(ресурстық әдіс бойынша)
20__жылғы ____________
Код
Код
Шарт
Қаржыландыру көзі
Ұйымдастыру құқықтық нысаны
тапсырыс беруші
мердігер
номері
күні
атауы
коды
атауы
коды
Іс­ке қо­су ке­шен­де­рі­нің, объ­ек­ті­лер­дің ата­уы
Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың құ­ны және шы­ғын­дар, мың тең­ге
ҚҚС (1-ба­ған бой­ын­ша)
Тө­лем­ге бар­лы­ғы
ҚҚС қо­са ал­ған­да, жыл­дың ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай­ға дей­ін
ҚҚС-сыз есеп­ті ай­да (____ үшін)
1-ба­ған­нан
Сме­та­лық ба­ға дең­гей­ін­де­гі құ­ры­лы­с­мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның құ­ны
оның ішін­де
20__ жы­л­ғы ба­за­лық ба­ға дең­гей­ін­де­гі құ­ры­лыс мон­таж­дау жұ­мыста­рынның құ­ра­мы­на кір­мей­тін өзге де шы­ғын­дардың құ­ны
қо­сым­ша шы­ғын­дар
есеп­ті ай­да
жаб-дық­ты монтаж­дау бойын­ша
ма­те-ри­ал-дар са­тып алу­ға
бас­қа қо­сым-ша шы-ғы­стар
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Тапсырыс беруші _______________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Мердігер ______________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер
немесе авторлық қадағалау сарапшысы(лары): ____________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): _________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру
нөмірі, аттестат №, қолы)

Қолданыстағы