О внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»
- Атауы (қаз.)
- «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 590
- Қабылданған күні
- 03.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2020 148278_491646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021605
- ЭКБ идентификаторы
- 148278
- Редакция идентификаторы
- 148278_491646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:56
0 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) өндіріс тоқтатылған (таратылған), болмаған жағдайда немесе жұмыс өндірісінің бекітілген жоспарына сәйкес құрылыс үшін талап етілетін мерзімде жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы отандық тауар өндірушілерді жазбаша растай отырып, өндіріс көлемі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қажетті қажеттілігін жаппайтын болса, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құндық көрсеткіштерден аспаған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушінің келісімі бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Жазбаша растау ұсыну регламенті тапсырыс беруші (мердігер) өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды. Жазбаша растау мерзімінде ұсынылмаған жағдайда тапсырыс беруші (мердігер) тиісті растаусыз ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді;
10) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес және ТЖҚ дерекқорын жүргізу қағидаларына сәйкес құндық көрсеткіштерден аспай, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын басқа отандық тауар өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді;
11) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес және ТЖҚ дерекқорын жүргізу қағидаларына сәйкес құндық көрсеткіштерден аспай, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық тауар өндірушіден отандық тауар өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді.».