Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 254 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства»

Бұйрық · № 789 · қабылданған 04.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-254-ekb-117422/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 254 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства» Күшін жойған Бұйрық ·№ 789 ·04.12.2017
27.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 254 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 789 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 254 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
789
Қабылданған күні
04.12.2017
Көрсетілген редакция
27.03.2020 117422_480252.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016121
ЭКБ идентификаторы
117422
Редакция идентификаторы
117422_480252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:02

0 «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11030 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.»;
осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»;
1, 2 және 3-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша»;
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты заңнамалық белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________________Д. Абаев
2017 жылғы «____»______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы «____»__________

0 Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 789 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты тұру
үшін шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
нысан
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды
қабылдау туралы қолхат
Осы қолхат __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
берілді және «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру
үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу үшін
құжаттарды қабылдағанын растайды.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаған: ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны ___________________
Алдым: _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/
көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20 ___ жылғы «_____»__________

Қолданыстағы