О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 марта 2015 года № 28/247 «О предоставлении социальной помощи из средств районного бюджета на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 19 марта 2015 года № 28/247 «О предоставлении социальной помощи из средств районного бюджета на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихатың 2015 жылғы 19 наурыздағы № 28/247 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қөмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8/60
- Қабылданған күні
- 08.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2016 108719_134230.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KQ004064
- ЭКБ идентификаторы
- 108719
- Редакция идентификаторы
- 108719_134230
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:00
0 Аудандық мәслихатың 2015 жылғы
19 наурыздағы №28/247
«Шет ауданының ауылдық
елді мекендерінде тұратын және
жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария мемлекеттік ұйымдардың
мамандарына отын сатып алу үшін
аудандық бюджет қаражаты есебінен
әлеуметтік қөмек беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №28/247 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қөмек беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі «Шет Шұғыласы» №15 (10 531) газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 мамырында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қөмек беру туралы»;
шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін статистика органдарының мәліметтері бойынша 1 (бір) тонна көмірдің бағасы мөлшерінде жылына біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.».