О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского городского маслихата от 19 ноября 2015 года № 308 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Атырау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского городского маслихата от 19 ноября 2015 года № 308 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Атырау»
- Атауы (қаз.)
- Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 17.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2024 185507_695475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23TA507406
- ЭКБ идентификаторы
- 185507
- Редакция идентификаторы
- 185507_695475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:17
0 Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Атырау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3389 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:
1-тармағында:
«5» (бес) саны мен сөзін «3» (үш) саны мен сөзіне ауыстырылсын;
3-тармағында:
«тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзімен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4.Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгiлеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.»;
Мынадай мазмұнда 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.»